Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Физика және бағдарламалау бойынша жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы
14-10-2022 12:36
Физика және бағдарламалау бойынша жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы

Павлодар қаласының білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  2022 жылғы 13 қазанда физика және бағдарламалау бойынша жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңі  өткізілді. Мақсаты - жаратылыстану-математикалық бағыт және бағдарламалау пәндері бойынша олимпиадалық резерв құру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға қатысуға дайындық. Олимпиадаға 7 - 8 сыныптардың 62 оқушысы қатысты, оның ішінде физика пәнінен 35 оқушы, бағдарламалау пәнінен 27 оқушы.

Физика олимпиадасы іріктеу кезеңінен және практикалық эксперименттен тұрды. Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылар 8 жүлделі орынға ие болды. I орынды № 34 ЖОМ 8 сынып оқушысы Бексолтанов Сәбит, II орынды № 29 ЖОМ 8 сынып оқушысы Гудель Карина, № 39 ЖОМ 8 сынып оқушысы Қайыржанова Сабина иеленді. III орынды № 9 мектеп-гимназияның 7 сынып оқушысы Дарья Старикова, № 18 ЖОМ 8 сынып оқушысы Әділ Темірболатов, № 41 ЖОМ 8 сынып оқушысы Аруна Сламбекова, Кенжекөл ЖОМ 8 сынып оқушысы Амина Ергенбекқызы және № 23 ЖОМ 8 сынып оқушысы Роман Гайдаренко иеленді.

Қатысушылар  бағдарламалау олимпиадасында Рascal, FreePascal, Delphi, C++Python бағдарламалау тілдерінде таңдауы бойынша  тапсырмаларды орындады. Олимпиада қорытындысы бойынша оқушылар 4 жүлделі орынға ие болды. I орынды № 17 ЖОМ 8 сынып оқушысы Осевич Виктор, II орынды М. Әуезов ат. ЖОМ  7 сынып оқушысы Артур Ткачев, III орын-  № 28 ЖОМ 7 сынып оқушысы Эберт Артем және  № 39 ЖОМ 8 сынып оқушысы Матюшева Кира.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

«Павлодар дарыны» орталығының Құрмет грамоталарымен № 23 ЖОМ 7 сынып оқушысы Гоппе Владимир, № 43 ЖОМ 8 сынып оқушысы Крицкий Александр,  Қ. Бекхожин  атындағы ЖОМ 8 сынып оқушысы Қален Абай марапатталды.

Ең жоғары ұпай  жинаған және бірінші және екінші орын алған оқушылар жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысады.