ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қаланың білім беру ұйымдарының үздік педагогтары
14-10-2022 15:17
Қаланың білім беру ұйымдарының үздік педагогтары

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген «Үздік педагог» атағын беру қағидаларына сәйкес Павлодар қаласының білім бөлімі республикалық конкурстың I қалалық кезеңін өткізді.

Конкурстың қалалық кезеңіне қатысу үшін қатысушылар министрліктің ақпараттық порталына өздерінің портфолиоларын, сабақ және тәжірибе алмасу бойынша бейнероликтерін, «Мұғалім - мәртебелі мамандық», «Заманауи тәрбие құндылықтарының өзекті проблемалары», «Педагогикалық менеджмент білім беру жүйесіндегі сапалы қайта құрулардың шарты ретінде», «Педагогикалық шеберлік тәрбие мен оқыту өнері ретінде» тақырыптарында  ұсынылған 4 тақырыптың біреуін таңдап, эссе жазды.

I кезеңдегі конкурстық комиссия отырысының шешіміне сәйкес 5 педагог жүлделі орындарға ие болды. Олар байқаудың облыстық кезеңіне қатысады.

I орынды Кенжекөл ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі Омаров Арман Алпамысұлы иеленді.

II орынды М. Әлімбаев атындағы ЖОМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нұрғалиева Динара Ақсанқызы, № 37 ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі Қасымжанова Әлия Егінбайқызы иеленді.

III орынды № 42 мектепке дейінгі гимназияның қазақ тілі мұғалімі Макульбекова Гүлжайнат Аманжол, М.Әуезов атындағы ЖОМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Омарова Лаура Серікқызы иеленді.