Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген «Үздік педагог» атағын беру қағидаларына сәйкес Павлодар қаласының білім бөлімі республикалық конкурстың I қалалық кезеңін өткізді.
Конкурстың қалалық кезеңіне қатысу үшін қатысушылар министрліктің ақпараттық порталына өздерінің портфолиоларын, сабақ және тәжірибе алмасу бойынша бейнероликтерін, «Мұғалім - мәртебелі мамандық», «Заманауи тәрбие құндылықтарының өзекті проблемалары», «Педагогикалық менеджмент білім беру жүйесіндегі сапалы қайта құрулардың шарты ретінде», «Педагогикалық шеберлік тәрбие мен оқыту өнері ретінде» тақырыптарында ұсынылған 4 тақырыптың біреуін таңдап, эссе жазды.
I кезеңдегі конкурстық комиссия отырысының шешіміне сәйкес 5 педагог жүлделі орындарға ие болды. Олар байқаудың облыстық кезеңіне қатысады.
I орынды Кенжекөл ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі Омаров Арман Алпамысұлы иеленді.
II орынды М. Әлімбаев атындағы ЖОМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нұрғалиева Динара Ақсанқызы, № 37 ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі Қасымжанова Әлия Егінбайқызы иеленді.
III орынды № 42 мектепке дейінгі гимназияның қазақ тілі мұғалімі Макульбекова Гүлжайнат Аманжол, М.Әуезов атындағы ЖОМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Омарова Лаура Серікқызы иеленді.