ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Қазақ тілінде сөйлеуді үйренеміз» радио мектебі туралы
17-10-2022 13:44

2022 жылдың қазан-мамыр айлары аралығында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы Halyk radiosy «Ертіс медиа» ЖШС - мен бірлесіп «Қазақ тілінде сөйлеуді үйренеміз" радиомектебін өткізеді. 6 ай ішінде радиомектепке № 9, 17, 18, 21, 23, 24, 26, 27, 28, 36, К. Мақпалеев атындағы, М.Әлімбаев атындағы, М. Әуезов атындағы  жалпы білім беретін мектептердің 8-сынып оқушылары қатысады

Байқаудың мақсаты-мемлекеттік тілді үйрену, қазақ тілін оқитын оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қолдау.

Байқау шарты бойынша қатысушылар 2 апта бойы таңдалған тақырыппен жұмыс істейді: қазақ тіліндегі өлеңдер мен мәтіндерді үйренеді. Содан кейін 7 оқушы радиода тікелей эфирге шығады, басқа қатысушылар өз пікірлерін  WhatsApp Halyk radiosy-ға жібереді.

Аталған кезеңде барлығы 14 сабақ өтеді.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған қатысушылар Павлодар қаласының білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

 

Павлодар қаласының білім бөлімі