Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас биологтардың қалалық олимпиадасы
19-10-2022 09:34
Жас биологтардың қалалық олимпиадасы

Павлодар қаласы  білім беру  бөлімінің «Павлодар дарыны»  бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын   дамыту орталығында 2022 жылғы 18 қазанда жаратылыстану-математикалық бағыт және бағдарламалау пәндері бойынша  жасөспірімдер олимпиадасының  кезекті қалалық кезеңі өтті. Осы кезеңде «Биология» пәні бойынша олимпиаданың мектеп кезеңдерінің жеңімпаздары 7 - 8 сыныптардың 35 оқушысы қатысты.

Ережеге сәйкес олимпиада 2 турда өткізілді - олимпиадалық тапсырмаларды жазбаша орындау және практикалық тапсырмаларды ауызша тапсыру.

Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылар 10 жүлделі орынға ие болды. I орынды № 29 ЖОМ 8 сынып оқушысы Стрелова Ярослава иеленді.

II орынды 4 қатысушы - № 28 ЖОМ 8 сынып оқушысы Шлотгауэр Дмитрий,  № 35 ЖОМ 8 сынып оқушысы, Тоқтар Дария, № 41 ЖОМ 8 сынып оқушысы Сюпова Вероника және  № 16 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Ахметова Камилла  иеленді.

III орынды 5 қатысушы - № 14 ЖОМ 7 сынып оқушысы Меджидова Нұрана,  № 19 ЖОМ 7 сынып оқушысы Акилбекова Жанела,  № 20 мектеп-лицейінің 7 оқушысы Бекежанова Аружан, № 9 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Бровко Роман және № 27 ЖОМ 8 сынып оқушысы Гановская Алина иеленді.

Олар Павлодар қаласының білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Ең жоғары ұпай жинаған оқушылар жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысады.