ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылар - Республика күніне арналған сыйлықтың иегерлері
21-10-2022 18:17
Павлодарлық оқушылар - Республика күніне арналған сыйлықтың иегерлері

Республика күніне орай облыстың жүз талантты оқушыларына жыл сайынғы «Тәуелсіздіктер Ұланы» сыйлығы табысталды. Сыйлықақы сомасы-әр оқушыға 50 АЕК немесе 159 мың теңге. Сыйлықты облыс әкімдігі 2021 жылы дарынды балалар мен педагогтарды қолдау мақсатында тағайындады. Павлодар қаласының № 2, 9, 11, 25, 27, 28, 29, 33, 36, 37, 39, 41, 43, А. Бөкейхан, М. Әуезов, М. Әлімбаев, Қ. Бекхожин, Жетекші мектебінің 25 оқушысы марапат пен төсбелгіге ие болды.

Павлодар облысының әкімі А. Б. Сқақовтың қатысуымен Достық үйінде 20 қазанда сыйлық иегерлерін салтанатты марапаттау рәсіміне Павлодар қаласы мектебінің 8 оқушысы қатысты. 

«Ғылыми–техникалық шығармашылық және оқу-зерттеу қызметі» номинациясында № 39 ЖОМ 5 сынып оқушысы Власов Роман, А.Бөкейхан атындағы мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы Құнанбаев Ернар, Жетекші ЖОМ 3 сынып оқушысы Сарымов Әділхан марапатталды.

«Спорт шеберлігі» номинациясында М. Әуезов атындағы мектептің 8 сынып оқушысы Валерия Муравкина, № 36 ЖОМ 7 сынып оқушысы Атекеева Диана, № 11 ЖОМ 8 сынып оқушысы Нонна Гавриленко, № 24 ЖОМ 11 сынып оқушысы Аружан Жұмабаева, Қ. Бекхожин атындағы мектептің 11 сынып оқушысы Қайыржан Сұлтан марапатталды.

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары С. А. Гладышеваның қатысуымен оқу-өндірістік комбинатта 21 қазанда сыйлықтың иегерлерін салтанатты марапаттау рәсіміне қала мектептерінің 17 оқушысы қатысты.

Салтанатты марапаттау рәсімінде «Ғылыми–техникалық шығармашылық және оқу-зерттеу қызметі» номинациясы бойынша, № 33 ЖОМ 6 сынып оқушысы Нұрмағамбет Лунара, № 2 ЖОМ 10 сынып оқушысы Дүйсембаева Томирис, № 29 ЖОМ 10 сынып оқушысы Яковец Анастасия, № 29 ЖОМ 11 сынып оқушысы Ботай Амандық, № 37 ЖОМ  11 сынып оқушысы Нұрболат Аружан  марапатталды.

«Спорт шеберлігі» номинациясымен № 41 ЖОМ 11 сынып оқушысы Щепов Иван, № 9 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Малыгин Владислав, № 25 ЖОМ 10 сынып оқушысы Зейнулла Айжан, №27 ЖОМ 9 сынып оқушысы Петухова Анна, № 36 ЖОМ 11 сынып оқушысы Сабина Сүлейменова, № 36 ЖОМ 6 сынып оқушысы Александра Степанковская, № 43 ЖОМ 9 сынып оқушысы Анастасия Тимофеева,  № 39 ЖОМ 3 сынып оқушысы Гнускина Ксения, М. Әлімбаев атындағы ЖОМ  5 сынып оқушысы Бердникова София, № 37 ЖОМ 9 сынып оқушысы Сармантаева Аяулым, № 28 ЖОМ 11 сынып оқушысы Болтаева Милана, № 11 ЖОМ 2 сынып оқушысы Оразмұхамет Адина  марапатталды