ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас химиктердің қалалық жасөспірімдер олимпиадасы
22-10-2022 09:31
Жас химиктердің қалалық жасөспірімдер олимпиадасы

Павлодар қаласының білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын  дамыту орталығында 2022 жылғы 21 қазанда «Химия» пәнінен  бағдарламалау  және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасының кезекті қалалық кезеңі өтті. 7 - 8 сыныптың 36 оқушысы  олимпиаданың  мектеп кезеңінің жеңімпаздары қатысты.

Ережеге сәйкес  олимпиада 2 турда өткізілді - олимпиада тапсырмалары -жазбаша және практикалық тапсырмалар  ауызша тапсырылады.

Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылар 11 жүлделі орынға ие болды. І орынды  Б. Момышұлы мектебінің 8 сынып оқушысы Мұсылманбек Байнияз және № 28 орта мектептің 8 сынып оқушысы Абрамец Владислав  иеленді.

II орынды 2 қатысушы иеленді- № 19 орта мектептің 8 сынып оқушысы Бақтыбай Әлімжан және № 39 орта мектептің 8 сынып оқушысы Жупаненко Даниил марапатталды.

III орынды 7 қатысушы иеленді - № 36 орта мектептің 8 сынып оқушысы Даирбаева Амелия, № 34 орта мектептің 8 сынып оқушысы Кравченко Арина, № 17 орта мектептің 8 сынып оқушысы Нурко  Томирис, № 14 орта мектептің 8 сынып оқушысы Адамова Мерей, № 33 орта мектептің 8 сынып оқушысы Кунашев Салауат, № 35 орта мектептің 8 сынып оқушысы, Оразғали  Ақбота және № 2 орта мектептің 8 сынып оқушысы Ахтамберова  Даяна  иеленді.

Олар Павлодар қаласының білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Жоғары ұпай жинаған оқушылар жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеніне қатысады.