Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қалалық «Рауан-2011» фестивалі
03-05-2011 07:07

 

2011 жылғы 29 сәуірде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесінің қарсаңында білім беру бөлімі балабақша бүлдіршіндерінің өнерге, өз еліне, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру мақсатында дәстүрлі «Рауан-2011» фестивалін ұйымдастырды.

Бұл фестивальге қаланың 29 балабақшасы және 2 мектептің шағын-орталығыбелсене қатысып, 380 тәрбиеленушілері өз өнерлерімен көрермендерді тамсандырды.

Жалпы бұл фестивальде балалардың дайындығы жақсы көрінді. Бүлдіршіндердің ана тілінде айтқан өлең, тақпақтары және әндері өте жарасымды болды. Әсіресе, өзге ұлт балаларының  мемлекеттік тілді айтқан шығармалары ерекше болды.

Жетекшілерімен басшылары  балалардың шығармашылығы және өнерлерін толық көрсетуде өз үлестерін қоса білді. Әр балабақшаның өз шығармашылығы және қиялдарымен дайындаған қойылымдарымен көріністері, сахналық костюмдері көз тартарлықтай болды.

Жалпы бұл фестивальде қатысқан қаланың барлық балабақшалар мен мектептердің шағын-орталықтарлауреат атағына ие болып, мадақтамамен марапатталды.

Ұйымдастырылған бұл фестиваль жылдағыдай әсерлі, көз тартарлықтай, қызықты, әрі жоғары деңгейде өтті.