ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тәрбие жұмысындағы әскери-патриоттық клубтардың рөлі
26-10-2022 10:06
Тәрбие жұмысындағы әскери-патриоттық клубтардың рөлі

Республика күні қарсаңында Павлодар қаласының экологиялық бағыттағы № 36 мектебінде «Бастапқы әскери және техникалық дайындық» пәні бойынша қосымша сабақ беру мақсатында «Бүркіт» әскери-патриоттық клубының ашылуы өтті. Клубтың ашылуына интернационалист жауынгерлер мен ата-аналар қауымы қатысты.

Қазіргі уақытта клубта сабақ өткізу үшін 8 - 10 сыныптардың 20 оқушысы жазылды, олар әскери істе, дене шынықтыру және салауатты өмір салтын жүргізуде, оқыс және төтенше жағдайларда дұрыс іс-әрекетті, түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысуда, туризммен, өлкетанумен айналысуда өз дағдылары мен білімдерін одан әрі жетілдіргісі келеді. Әскери-патриоттық клубтың қызметі спорттық элементті, әскери даярлық негіздерін, патриоттық және адамгершілік тәрбиені қамтиды.

- Мен, патриотизм азаматтық қоғамды қалыптастырудың құрамдас бөліктерінің бірі екеніне сенімдімін. Жастарды патриоттық тәрбиелеу -мемлекеттің табысты дамуының және жастардың болашақта өздерінің азаматтық міндеттеріне саналы көзқарасының кепілі, - дейді клуб жетекшісі, бастапқы әскери дайындық мұғалімі, Ермек Каримович Кабдыгалиев.

Патриоттық тәрбие жөніндегі іс-шаралар бағдарламасына пікірталастар, кездесулер, әскери өнер тарихы және әскери іс бойынша теориялық сабақтар, туристік жиындар мен жорықтар, спорттық жарыстар, Қазақстан Қарулы Күштері қатарында әскери қызметке дайындық бойынша сабақтар кірді. Батыр халқымыздың өткеніне құрметпен және жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қолдау көрсету және көмек көрсету көзделген.

Мұның бәрі жасөспірімдерді тәрбиелеу және қоғамдық қызметке дайындық мәселелеріне толыққанды көзқарасты көрсетеді. Әскери-патриоттық клубтар қазіргі қоғамда аса маңызды рөл атқарады, мектеп ортасында достық, ұжымшылдық сезімін тәрбиелейді, еңбек дағдыларын, экологиялық мәдениет негіздерін, дене шынықтыру және адамгершілік тәрбиесін сіңіреді. Жастарды патриоттық тәрбиелеу - мемлекеттің табысты дамуының және жастардың өздерінің азаматтық міндеттеріне, елдің болашағы үшін жауапкершілікке саналы көзқарасының кепілі.