ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас лингвистердің олимпиадасы
26-10-2022 15:23
Жас лингвистердің олимпиадасы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» жұмыспен қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығы 2022 жылғы 20 қазанда № 2 ЖОМ лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңін өткізді. Мақсаты - қолданбалы лингвистика бойынша білімді одан әрі жетілдіру және тереңдету мақсатында тілдерді үйренумен айналысатын оқушыларды қолдау. Байқауға қаланың 36 жалпы білім беретін мектебінің 8 - 11 сыныптарының 119 оқушысы қатысты.

Олимпиадада қатысушылар байланысты тілдердің салыстырмалы грамматикасын білуге арналған олимпиадалық тапсырмаларды орындады. Байқау қорытындысы бойынша 51 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды.

Олимпиаданың жеңімпаздары № 36 ЖОМ 8 сынып оқушысы Бурлака Данил, № 33 ЖОМ 9 сынып оқушысы Шик Анатолий, № 39 ЖОМ 10 сынып оқушысы Кутнова Эллина, № 11 ЖОМ 11 сынып оқушысы Уваков Алишер болды. Қатысушылар тапсырмаларды орындау кезінде ең көп ұпай жинады, Эстон, Филлипин, латын, кет тілдерін білді және үйренді.

II орынды № 2 (2), 11 (2), 19, 29, 31, 34, 39, Б. Момышұлы, Жетекші мектептерінің 11 қатысушысы иеленді III орынды № 1, 2 (2), 6 (2), 9 (2), 14 (2), 16 (2), № 17 (2), № 18, № 19, 20, 24, 25 (2), 26, 27, 28, 29, 33 (2), 34 (2), 35 (2), 39, 43 (2), М. Әлімбаев, Қ. Мақпалеев мектептерінің 36 қатысушылары иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Байқау жеңімпаздары 10 қарашада олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.