ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық жас суретшілердің жетістіктері
27-10-2022 09:06
Павлодарлық жас суретшілердің жетістіктері

2022 жылдың шілде айында Алматы қаласында өткен «The Planetof Art» халықаралық фестиваліне Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубының 13 - 16 жас аралығындағы балалардың 11 жұмысы жіберілді. Биылғы фестивальдің тақырыбы «Жібек жолы» болды.

Павлодар мектебінің барлық қатысушылары «Жібек жолы: мәдени мұра» номинациясы бойынша суреттерін жіберіп, барлық 11 қатысушы республикалық турдың финалистері атанды. Олардың жұмыстары қорытынды альбомға енді.  Олардың екеуі - Миглина Мария, 13 жаста және Ілиясов Әмір, 15 жаста жеңімпаз атанып, Алматыда өткен салтанатты марапаттау рәсіміне шақырылды. Ілиясов Әмір аралас техникада «Керуен» суретін салды, Миглина Мария гуашь техникасында «Шығыстың алтыны» - Қожа Ахмет Яссауи кесенесін бейнелеген.

Салтанатты шараға Ілиясов Әмір қатысты.  Бағдарлама бойынша тренингтер, экскурсиялар өткізілді.

Байқаудың финалистері «Тарихқа саяхат» жұмысы үшін Балина Евгения, «Привал» жұмысы үшін Селиванова Эсмира, «Сырдарияның бұлағы» жұмысы үшін Нұрғалиева Индира, «Шығу тегіне оралу» жұмысы үшін Продан Дарья, 14 жаста, «Уақытқа саяхат» жұмысы үшін Михальская Евгения, «Сиқырлы күн батуы» жұмысы үшін Зайбель Елисавета, 16 жаста, «Шығыстың ертегі әлемі»  жұмысы үшін Калиева Дильназ, «Бибі ханум собор мешіті»  жұмысы үшін Оноприйчук Ева, 15 жаста, «Өткеннен болашаққа» жұмысы үшін Григораш Анастасия, 13 жаста.