kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2230041
Бір айда181875
Бір аптада42073
Кеше8290
Тәулік482
Қалалық Мағжанов оқулары туралы
27-10-2022 17:20

2 қараша күні сағат 10.00-де №14 ЖОМ (Катаев көшесі, 36) Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының қалалық кезеңі өткізеді.

Байқаудың мақсаты - ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасын өскелең ұрпаққа, ұлттық құндылықтарды насихаттау, патриоттық сезімге баулу, қазақ классиктерінің шығармаларын білу. Байқауға мәнерлеп оқудың мектеп кезеңдерінің жеңімпаздары 7 - 11 сынып оқушылары қатысады.

Оқулар үш номинация бойынша өтеді: «Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» - М.Жұмабаевтың шығармаларын жатқа оқу, «Жасынан оқып, өнер қуған» - М. Жұмабаевтың шығармалары негізіндегі ғылыми жұмыстар, «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас дарындар - оқушылар өз шығармалары бойынша өлеңдер жинағын ұсынады.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Байқаудың қалалық кезеңінің жеңімпаздары байқаудың облыстық кезеңіне қатысады.

 

   Павлодар қаласының білім бөлімі