ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық психологтер байқауының номинанттары
28-10-2022 10:28
Облыстық психологтер байқауының номинанттары

Облыстың білім беру басқармасы білім беруді дамытудың инновациялық орталығымен бірлесіп «Жылдың үздік психологі» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізді. Мақсаты - кәсіби құзыреттіліктерді оңтайлы меңгергендігін көрсететін талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін психологтерді қолдау және көтермелеу.

Қалалық және аудандық іріктеу турларының нәтижелері бойынша облыстық кезеңге 40 педагог-психолог, оның ішінде Павлодар қаласы мектептерінің 5 педагог-психологі өтті. Байқаудың қазылар алқасы педагог-психологтің психологиялық-педагогикалық қызмет саласындағы кәсіби шеберлігін, шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыру және өзін-өзі анықтау қабілетін, білім беру үдерісінде психологиялық міндеттерді шешу және жобалау қабілетін бағалады.

Байқаудың қорытындысы бойынша 3 павлодарлық қатысушы байқаудың номинанттары атанды. «Креативті психолог» номинациясының иегері Бекен Мансура Бекенқызы, № 120 балабақшаның педагог-психологі, «Кәсіби шеберлік» номинациясының иегері Баильдинова Динара Сәрсенбайқызы, № 20 лицей-мектебінің педагог-психологі, «Психологтің үздік портфолиосы» номинациясының иегері Кишкина Наталья Петровна, № 27 балабақшаның педагог-психологі.