ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп жастар форумы
28-10-2022 11:25
Мектеп жастар форумы

Республика күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар аясында Павлодар қаласының № 41 ЖОМ «Жастар! Бірлік! Болашақ!» І жастар форумы өтті. Форумның мақсаты - еліміздің дамуына үлес қосқан табысты жастардың үлгісінде патриотизмге тәрбиелеу. Форумға 500-дей оқушы, ата-аналар, педагогтер, Павлодар қ. білім беру бөлімінің, Қазақстан халықтары Ассамблеясының, «Мейірімді жүрек» қамқоршылық кеңесінің, ата-аналар комитетінің өкілдері қатысты.

Оқушылармен кездесуге еркін күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері, Лондондағы олимпиада медалінің иегері Дәулет Шабанбай, самбодан Қазақстан чемпионы Самир Мамедов, облыс журналистер одағының төрағасы Александр Вервекин шақырылды.

  Спортта жетістіктері бар 100-ден астам мектеп оқушылары үшін еліміздің танымал спортшыларымен кездесу үлкен қуаныш болды. Олардың арасында 11-сынып оқушысы, Германияда өткен халықаралық әлем кубогының жеңімпазы, жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, параолимпиадашы Щепов Иван, 10 сынып оқушысы, спорт шеберіне кандидат, халықаралық жарыстардың күміс жүлдегері, қысқа қашықтықта көп дүркін чемпионы Ермола Кристина, үлкен теннистен ITF G5 халықаралық турнирдің жүлдегері, 11 сынып оқушысы, Қазақстанның жиырма үздік теннисшілер құрамының мүшесі, үлкен теннистен республикалық турнирлердің көп дүркін жеңімпазы Билый Егор, 10 сынып оқушысы, спорт шеберіне кандидат, спорттық акробатикадан халықаралық турнирдің жеңімпазы Оверченко Елена, 9 сынып оқушысы, Қазақстанның спорт шеберіне кандидат,  грэпплинг және джиу-джитсу бойынша екідүркін чемпионы, облыстың «Ең үздік жыл спортшысы - 2021» сыйлығының иегері Гиниятов Рафаэль, 8 сынып оқушысы джиу-джитсу бойынша халықаралық жарыстардың күміс жүлдегері Ерлан Алихан бар.

- Бұл кездесу біз үшін патриотизм мен еліміз үшін мақтаныштың үлгісіне айналғаны сөзсіз. Қонақтар әрбір қазақстандық өз орнында адал еңбек етіп, мүмкіндігінше тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне үлес қосуы керектігін атап өтті, - дейді Елена Оверченко.

Спорт жұлдыздарымен кездесу фотосессия және қолтаңба алумен аяқталды.

Жастар форумы мектеп оқушыларының ынта, құндылық бағдарын қалыптастыруға және олардың дене шынықтыру мен спортқа қызығушылығын арттыруға, салауатты өмір салтын сақтауға бағытталды.