ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушының республикалық байқаудағы жетістігі
28-10-2022 12:09
Павлодарлық оқушының республикалық байқаудағы жетістігі

Ш. Шөкин атындағы № 9 гимназия-мектебінің 8 сынып оқушысы Дружинин Егор Қазақстандағы балалар жылы аясында өткізілген «Балалардың көзімен жасыл технологиялар» республикалық байқауының «Үздік жасыл жоба» номинациясы бойынша I орын алды. Байқаудың  ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ болып табылады.

Байқау 20 қыркүйектен 15 қазанға дейін өткізілді, барлық жұмыстар Instagram @igtic_kz алаңында орналастырылды. Байқауға Қазақстан өңірлерінен 1000-нан астам қатысушы қатысты.

Егор «Көгалдандыру үшін төбе жабындысын пайдалану» тақырыбында өзінің ғылыми жобасын ұсынды. Жұмыста қалаларда көгалдандыру үшін қосымша орын ретінде төбе жабындыларын пайдаланудың халықаралық тәжірибесі қарастырылған, өйткені төбе жабындысын көгалдандыру - бұл қоғамдық кеңістіктерге қол жетімсіздіктің қазіргі дағдарысына жауап. Үйдің төбесіндегі бақ - бұл қосымша демалыс орны және қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту. Өйткені, табиғатқа келтірілген зиянды өтей отырып, біз өз өміріміз бен денсаулығымыздың сапасын жақсартамыз.

- Біздің облыс көрші елдердің тәжірибесін қабылдай алады, біздің ерекшелікті қосып, экологиялық мәселелеріміздің аз да болса шешімін тауып қана қоймай, жобаны іске асыруда облысымыздың визит карточкасына айналдыра алады. Ол үшін облыс басшылығы, мамандары мен тұрғындарының диалогы қажет, - дейді жеңімпаз.

Егор мектепте өте жақсы оқиды, сонымен қатар синтезатор сыныбы бойынша Павлодар қаласының № 1 музыкалық мектебінде бесінші курста оқиды. Ментальды арифметиканың толық курсын бітірген. 2019 - 2020 жылдары менталдық арифметика бойынша халықаралық олимпиадалардың жүлдегері. Ол информатика, орыс және қазақ тілдерінен мектеп және қалалық пәндік олимпиадалардың жеңімпазы және жүлдегері. 2020 жылы республиканың дарынды балалардың қатарында «Қазақстанның 100 дарынды баласы» жинағына кірді және айрықша белгінің иегері болып табылады.

- Егор зияткерлік және әлеуметтік белсенділігімен, облыс пен елдің экологиялық мәселелеріне қызығушылығымен ерекшеленеді. Ол «Ақылды үй», «Энергияны үнемдейтін технологиялар» сияқты жобалармен бірнеше рет өнер көрсетті. Жыл сайын қалалық, облыстық ауқымдағы олимпиадалар мен байқауларға табысты қатысады. Біз үшін алғаш рет осындай қызықты байқауға қатысып, оған дайындалып, жобамыздың тақырыбын аша алғанымызға қуаныштымыз, - дейді информатика пәнінің мұғалімі, ғылыми жобаның жетекшісі Рымгүл Оразқызы Сабитова.