ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалардың отбасылық демалыс және бос уақыттары туралы суреттері
08-11-2022 09:25
Балалардың отбасылық демалыс және бос уақыттары туралы суреттері

«Ақ бота» балалар бейнелеу шығармашылығының ХХІ облыстық байқауына облыстың 55 жалпы орта білім беретін мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарының 299 оқушысы қатысты. Байқаудың ұйымдастырушысы облыстық білім басқармасының қолдауымен Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі болып табылады. Мақсаты - көркем шығармашылықпен айналысатын талантты балаларды қолдау.

Биылғы жылы байқауға қатысушылар «Бүкіл отбасымен саяхат», «Спорт әрдайым бізбен бірге» тақырыптарын ұсынды.

- Балалар байқау міндеттерін өте жақсы орындады, отбасымен саяхаттау, туристік жорықтар, саңырауқұлақтар, жидектер, тауларда, теңізде, өзенде, көлде, орманда жылдың әр мезгілінде белсенді демалу, балық аулау, суда жүзу, тау шаңғысы көріністері туралы композициялар салды. Әсіресе спорттық тақырыптағы суреттер әр түрлі болды. Балалардың спортты жақсы көретіні анық, - дейді қазылар алқасының мүшесі, павлодарлық суретші Светлана Кравченко.

Суретші Ерсин Каскиевич Такирбасовтың төрағалық етуімен қазылар алқасы «Ынталандыру орны» номинациясы бойынша 19 жүлделі орын, 27 дипломант анықтады. Павлодарлық қатысушылар 10 жүлделі орынға ие болды.

Бас жүлде Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің оқушысы, Айым Бейсенбайға, 12 жаста, аралас техникадағы «Волейбол» жұмысы үшін берілді.

6 жеңімпаз қатарында I орынға ие болғандар №37 мектеп оқушысы Айғаным Қуандық «Саяхат» жұмысы үшін, 8 жаста, №1 мектептен Даяна Қырықбес аралас техникадағы «Отбасыммен бірге өткізген саяхатым» жұмысы үшін,14 жаста, Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің оқушысы Айсана Садықова, 7 жаста, гуашь техникада орындаған «Мәнерлеп сырғанау чемпиондары» жұмысы үшін.

6 жеңімпаздың арасынан ІІ орынды № 41 мектеп оқушысы Нурсая Сагнаева «Әуе шарында» жұмысы үшін, 9 жаста, Қ. Бекхожин атындағы орта мектептің оқушысы Айару Бәкен, «Дайвинг-су астындағы спорт» жұмысы үшін, 11 жаста, аралас техника, «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының тәрбиеленушісі Вероника Шурыгина, 8 жаста, графика техникадағы «Мен велоспортпен айналысамын» жұмысы үшін иеленді.

6 жеңімпаздың арасынан ІІІ орынды Б. Момышұлы атындағы мектептің оқушысы Анель Аубакирова, 11 жаста, акварель техникасындағы «Бурабайдағы демалыс» жұмысымен, № 16 мектеп-лицейінің оқушысы Полина Юстус, 9 жаста, аралас  техникадағы «Саяхат» жұмысымен, №39 мектептен София Скиба, графика техникадағы «Бірге шаңғы тебу» жұмысымен, 16 жаста, Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінің оқушысы Татьяна Зеленцова, 13 жаста, гуашь техникадағы «Таэквондо жарысы» жұмысымен жеңіп алды.

- Жыл сайынғы «Ақ бота» байқауы ұстаздар қауымының да, балалардың да сүйіспеншілігіне бөленді, - дейді Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінің басшысы Магзамова Ляйля Мукарамовна. - Жыл өткен сайын қатысушылар көбейіп, балалардың жұмысының сапасы артып келеді. Байқау бейнелеу өнеріне қызығатын балалар мен олардың жетекшілері арасында танымал болуда.