Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бастау қалалық математикалық турнир туралы
09-11-2022 13:51

18 қараша сағат 10.00-де № 35 ЖОМ-де Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын  дамыту орталығы бастауыш сынып оқушылары арасында  математикалық турнирдің қалалық кезеңі  өткізіледі.

      Турнирдің мақсаты - бастауыш мектеп жасындағы математикалық дарынды балаларды қолдау.

      2 - 4 сынып оқушылары, турнирдің мектеп кезеңінің жеңімпаздары қатысады. Қалалық турнирге қатысу үшін квота қазақ тілінде оқытатын мектептерден және орыс тілінде оқытатын мектептерден 3 адамнан тұрады.

       Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Байқаудың қалалық кезеңінің жеңімпаздары турнирдің облыстық кезеңіне қатысады.

Павлодар қаласының білім бөлімі