Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Туристік көпсайы бойынша қалалық ашық біріншілігі
10-11-2022 10:48
Туристік көпсайы бойынша қалалық ашық біріншілігі

90-нан астам қатысушы туристік көпсайыстан қалалық ашық біріншілікте «Жаңа келгендер»,  «10 жасқа дейін», «11 - 13 жас», «14 - 16 жас», «17 жас және одан жоғары» 5 жас тобында «Жеке» және «Байламдар» қашықтықтарында бақ сынасты. Жарыс Павлодар қаласы білім бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының «СЮТур» балалар аула клубында өтті.

«Жеке» қашықтықтағы жарыстың бірінші күні ең қарқынды өтті. Ең жас қатысушылар мен тәжірибелі спортшылар, спорт шеберіне үміткерлер шыңға өрмелеп  шығу мен түсудің әртүрлі нұсқаларын көрсетті. Екінші күні біріншілік «Байламдар» қашықтығында жалғасты. Қатысушылар жылдамдық пен қашықтықты қатесіз өту бойынша жарысты. Барлық қашықтықтар техникалық элементтердің күрделенуімен қойылды.

Біріншілік қорытындысы бойынша «СЮТур» туристік клубтары - «Пирамида 1», «Пирамида», «Вершина» клубтарының құрама командасы 38 жүлделі орынға, «Искра» клубы - 13 жүлделі орынға, «Колибри» - 7 жүлделі орынға, «Вертикаль» - 2 жүлделі орынға ие болды. № 41 ЖОМ «Эдельвейс» командасы - 17 жүлделі орын, М. Әуезов атындағы ЖОМ «Туристы» командасы - 6 жүлделі орынға ие болды. Жетекшілері И. В. Ридзаускене,  С. Н., Агалаков,  Р. А . Кенжин, А. В. Мицкевич, О. В. Дьяченко, О. А. Лаврентьева, О. А. Носова,  В. Ю. Ридзаускас.

- Біздің тәрбиеленушілер үшін тамаша спорттық мереке болды. Қатысушылар қашықтықтан өту тәжірибесіне, спорттық бәсекелестікке ие болды, - дейді «Искра» туристік клубының жетекшісі, экология және туризм орталығының қосымша білім беру педагогы Кенжин Рустам Айтанұлы.