Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақстан туралы педагогтердің шығармашылық жұмыстары
11-11-2022 09:13
Қазақстан туралы педагогтердің шығармашылық жұмыстары

«Менің Қазақстаным» - «Мой Казахстан» облыстық байқауына өңірдің қалалары мен аудандарының мектепке дейінгі білім беру, жалпы білім беретін мектептер, қосымша білім беру ұйымдарының 140-тан астам педагогі қатысты. Ұйымдастырушы Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы болып табылады.

Байқаудың шарттары бойынша қатысушылар Қазақстан туралы кемінде 3 жұмыс ұсынды. Байқауға Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінің 7 педагогі қатысып, 21-ден астам жұмыс ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша мектептің үш педагогі жүлделі орындарға ие болды.

 «Шексіз махаббат» диптихі үшін Наталья Владимировна Решетова иеленді, ол екі бөліктен тұратын өнер туындысын, олар бірге біртұтас өнер туындысын жасайды және акрил техникасында орындалған «Ертіс жағасында» жұмысы үшін, Анжелика Николаевна Бамбуляк «Ненастье», «Высь», «Простор» жұмыстары үшін, Гүлнар Мергалиқызы Мұхаметқалина «Аспанда», «Ертістегі таңертеңгілік», «Маки», акварель техникасында орындалған жұмыстары үшін I орынды иеленді. 

Степанко Валентина Петровна аралас техникадағы «Әлем» триптихі үшін - үш бөлімнен тұратын сурет, өнерде өте танымал формат, Ловина Ольга Ивановна «Гүлдену», «Наурыз» аралас техникадағы, «Көктем» - акрил техникасында жұмысы үшін, Рыжкова Евгения Валерьевна «Павлодардың фрагменттері» графика техникасындағы жұмыстары үшін II орынды иеленді.

- «Гүлдену» атты еңбегімде мен қазақ қызының сұлулығын суреттедім. Оны күміс және алтын потали, акрил бояулары бар бұдыр пасталармен бейнеленген гүлдер арқылы бердім, - дейді мұғалім-суретші Ольга Ивановна Ловина. Байқау тақырыбы өте кең және көп қырлы. Мен Қазақстанды, оның табиғатын, адамдарды өте жақсы көремін. Гүлдену, көктем-жаңарудың символы. Қазақстан әрдайым гүлдене берсін, ал ондағы халық бейбіт және бақытты өмір сүрсін.