Ақмола облысының Атбасар қаласында 2022 жылғы 28 қазан - 3 қараша аралығында бокстан зональный Қазақстан чемпионаты өткізілді.Республиканың 10 облысынан 260-қа жуық спортшы қатысты.57 кг салмақ дәрежесінде Павлодар қаласы білім бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының тәрбиеленушісі Мұратов Ілияс, № 19 мектептің 9 сынып оқушысы чемпион атанды.
Ильяс бокспен сегіз жыл айналысады, ол әр түрлі деңгейдегі жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері.Жезқазған қаласында жасөспірімдер арасындағы Қазақстан аймақтық чемпионатында (2020 жыл), Нұр-Сұлтан қаласында бокстан ашық республикалық турнирде, Қостанай қаласында жасөспірімдер арасындағы аймақтық чемпионатта, Алматы қаласында бокстан республикалық турнирде, бокстан Қазақстан чемпионатында III орын.С.Сәпиевтің жүлдесі үшін өткен IX Республикалық бокс турнирінде (2021 жыл), Новосибирск облысында бокстан өткен ашық турнирде (2022 жыл) 1-орынға ие болды.
Бокс секциясында 8 жыл оқығанда өзін қайырымды және мақсатты көрсетті, болашақта өз өмірін спортпен байланыстырып, осы салада жұмыс істеуді жоспарлап отыр.