Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндік жалғасуда
11-11-2022 11:36
Дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндік жалғасуда

   Дүниежүзілік Балалар күніне, Балалар жылына арналған республикалық онкүндік шеңберінде Павлодар қаласының білім беру ұйымдарында 8 - 20 қараша аралығында «Қатыгездіксіз және зорлық - зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанын және 10 - 20 қараша аралығында «Бала құқықтары - адам құқықтары» республикалық декадасын өткізу бойынша іс-шаралар өтуде. Онкүндіктің мақсаты - мерекелік іс-шараларды ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу, мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, бизнес-шеңберлердің, БАҚ-тың балалардың мүддесі үшін мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелеріне қоғамның назарын аударудағы күш-жігерін біріктіру.

  Дүниежүзілік балалар күніне арналған іс-шараларды ұйымдастыру балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне, мемлекеттік органдарға, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдарға ерекше назар аударудың дәлелі болып табылады. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

  «Бала құқығы - адам құқығы» онкүндік аясында қаланың барлық мектептерінде балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекет іске асырып жатқан іс-шаралар туралы хабардар ету мақсатында көп балалы аналармен, ата-аналар қауымдастықтарымен кездесулер ұйымдастырылды. Малайсары батыр атындағы ЖОМ Павлодар қаласының жұмыспен қамту және Мемлекеттік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Инна Владимировна Серікованың қатысуымен ата - аналармен «Бақытты ана - бақытты бала - бақытты отбасы - бақытты ел» ашық алаңы ұйымдастырылды және өткізілді. Кездесуде ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алды.

   «Қатыгездік пен зорлық - зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны аясында қала мектептерінің 5 - 11 сынып оқушылары өз құқықтары туралы хабардар ету мақсатында «Құқығым бар» эссе жазуға қатысты.

   Бүкіл әлемде Дүниежүзілік балалар күні 20 қарашада атап өтіледі.1954 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы №836 (IX) қарар қабылдады және барлық елдерге Дүниежүзілік балалар күнін атап өтуге кеңес берді.

   20 қараша күні кездейсоқ таңдалмады: 1959 жылы осы күні БҰҰ Бас Ассамблеясы «Балаларға бақытты балалық шақты қамтамасыз ету» мақсатымен бала құқықтары туралы Декларация қабылдады.

   Мереке барлық азаматтарды тиісті заңнамалық және басқа шараларды жүзеге асыра отырып, балалардың құқықтарын сақтауға шақырады.

  Қазақстан Республикасы 1994 жылы Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады.Дүниежүзілік балалар күніне танымдық, тақырыптық, мәдени және спорттық іс-шаралар циклін орайластыру жоспарлануда.