«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында 2022 жылғы 10 қарашада лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық туры өткізілді. Мақсаты - дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау, қолданбалы лингвистика бойынша оқушылардың білімін жетілдіру және тереңдету.
Олимпиадаға Павлодар қаласының № 11, 33, 36, 39 мектептерінің 8 - 11 сыныптарының 4 оқушысы, қалалық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша III орынды № 11 орта мектептің 11 сынып оқушысы Уваков Алишер және № 33 орта мектептің 9 сынып оқушысы Шик Анатолий иеленді. Алишер мен Анатолий тапсырмаларды орындау кезінде ең көп ұпай жинады, эстон, филлипин, латын, кет тілдерін білуде жақсы нәтиже көрсетті. Олар облыстың білім басқармасының III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.