ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтердің жұмысын жетілдіру
14-11-2022 10:18
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтердің жұмысын жетілдіру

«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектепке дейінгі ұйымның жас әдіскер мектебі» жобасы аясында «Мектепке дейінгі білім беру педагогтарының тәрбие-білім беру үдерісіне жобалық технологияны енгізу жөніндегі жұмысын жетілдіру» қалалық семинары өтті. Мақсаты - білім беру үдерісінің сапасын арттыру, тәрбие жұмысы мен оқытудың ең тиімді технологияларын, әдістемелерін, әдістері мен нысандарын практикаға енгізу. Қаланың мектепке дейінгі ұйымдарының 18 жас әдіскері қатысты.

Семинардың модераторы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Н. К. Нұрғалиева болды, ол қатысушыларды жас әдіскер мектебінің жұмыс бағдарламасымен таныстырды. № 82 арнайы сәбилер балабақша әдіскері Геркус Лилия Тайстовна «Білім беру үдерісіне жобалық технологияны енгізу бойынша қосымша білім беру педагогтарының жұмысын жетілдіру» тақырыбында сөз сөйледі.

Диалог алаңында қатысушылар пікір алмасты, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Қатысушыларға № 82 балабақшаның жұмыс тәжірибесі ұсынылды. «Көру қабілеті бұзылған балалармен жұмыстағы жобалық қызмет» тақырыбында тәрбиеші Лидия Николаевна Алдакимова, «Мемлекеттік тілді оқыту бойынша ата - аналармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында - қазақ тілі мұғалімі Гүлнұр Рахимбайқызы Мусальдинова, «Көру қабілеті бұзылған балаларда үйлесімді сөйлеуді дамытуға арналған «Сөйлейтін қабырға» технологиясы» тақырыбында - тәрбиеші Лариса Петровна Наливкина сөз сөйледі.

Диалог алаңында қатысушылар пікір алмасты, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Семинар қорытындысы бойынша жұмыста әрі қарай пайдалану үшін әдістемелік ұсынымдар берілді.