ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылар «Жас қыран» фестивалінде ноутбукті жеңіп алды
14-11-2022 16:04
Павлодарлық оқушылар «Жас қыран» фестивалінде ноутбукті  жеңіп алды

Республикалық әскери-патриоттық әндер байқауында Павлодар қаласының № 25 ЖОМ-нің «Жас қыран» әскери-патриоттық клубы екінші дәрежелі кубокпен марапатталды. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ұйымдастырған іс-шарада 72 команда қатысты.

Байқаудың шарты бойынша қазақстандық сазгердің әйгілі әскери-патриоттық әнін орындау керек болды. Павлодар облысының намысын қорғаған № 25 ЖОМ-нің «Әуен» вокалдық-аспаптық ансамблі белгілі сазгер Ескендір Хасанғалиевтің «Айналдым елім» атты әнін орындады. Ансамбль құрамында 9 - 11 сыныптың 7 оқушысы қатысты. Ансамбль жетекшісі - музыка пәнінің мұғалімі Балкенов Жанұзақ Қорабаевич.

Мектепте клуб 7 жыл жұмыс жасайды, команда құрамында 5 - 11 сынып оқушыларынан құралған 20 оқушы бар. Клуб ішінде домбыра, қобыз, дауылпаз, баян, асатаяқ сияқты ұлттық аспаптардан құралған ансамбль құрылған. «Әуен» вокалдық-аспаптық ансамблі 2021 жылы Астана қаласында өткен халықаралық «Көңілдің асыл пернесі» атты шығармашылық байқауға қатысып, жүлделі І орынға ие болды.