kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2234164
Бір айда187623
Бір аптада48775
Кеше2844
Тәулік8170
Көптілділік бойынша қалалық олимпиада туралы
15-11-2022 09:15

Көптілділік  бойынша  облыстық оқушылар олимпиадасының қалалық кезеңі 2022 жылғы 16 қарашада сағат 09.00-де «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығында өтеді. Мақсаты-үздіксіз мектепте көптілді білім беру жағдайында зияткерлік көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру.

Олимпиада екі турда өткізіледі- тапсырылған  тақырып  бойынша үш тілде эссе. Орындау уақыты - 120 минут, әр эссе үшін - 40 минут, жұмыс көлемі - 150 - 200 сөз. 1 турда 75 - 00 ұпай  жинаған оқушылар 2 турға жіберіледі.1-турда 75-100 ұпай жинаған қатысушылар берілген тақырып бойынша 2-ші ауызша-көпшілік алдында сөйлеуге қатысады.

Олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар қаласының білім бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады. 18 қарашада   қалалық кезеңде   бірінші  орын алған оқушылар облыстық олимпиадаға қатысады.

 

Павлодар қаласының білім бөлімі