ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас суретшілердің шығармашылығындағы сиқырлы бояулар әлемі
15-11-2022 09:43
Жас суретшілердің шығармашылығындағы сиқырлы бояулар әлемі

Павлодар қаласындағы ЮНЕСКО балалар көркемсурет мектебі-клубының оқушылары Қазақстандағы балалар жылына арналған Сиқырлы бояулар әлемі» халықаралық байқауына қатысты. Байқауды қашықтықтан Астана қаласының № 2 өнер мектебі - ЮНЕСКО клубы ұйымдастырды. Республиканың әртүрлі аймақтарынан 360-тан астам бала қатысты.

Байқаудың шарттары бойынша қатысушылар Қазақстан туралы шығармашылық жұмыстарды ұсынды. Павлодарлық 10 - 17 жас аралығындағы жас суретшілер 29 жұмысты жолдады. Байқау қорытындысы бойынша 2 жүлделі орынға ие болды.

Аралас техникадағы «Қазақ даласының әуені» еңбегі үшін жеңімпаздар қатарында 13 жастағы Григораш Анастасия бар. Аралас техникадағы «Уақыттың тоғысуы» жұмысы үшін II орынды 14 жастағы Нұрғалиева Индира иеленді.

«Григораш Анастасия өте үлкен шығармашылық әлеуеті бар қыз, әр жұмысына көркемдік дағдыларын салады, Нұрғалиева Индира, ол түрлі деңгейдегі байқаулардың жеңімпазы, талантты оқушы», - дейді мектеп жетекшісі, педагог Рейн Светлана Евгеньевна.

Анастасия жазда ЮНЕСКО қамқорлығымен республикалық пленер-шеберлік сағатына қатысып, жеңімпаз атанды. 2022 жылдың қыркүйегінде «The Planet of Art» халықаралық байқауының республикалық турының финалисті атанды, 2021 жылы «Балалардың көзімен Қызыл кітап» халықаралық байқауының жеңімпазы атанды.