«Astana Grand-Prix» Х қашықтықтан өткен халықаралық байқау-фестиваліне 300-ге жуық балалар мен жасөспірімдер қатысты, оның ішінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының тәрбиеленушісі, № 16 лицей-мектебінің 4 сынып оқушысы Кречетова Ангелина болды.
Байқаудың қорытындысы бойынша Ангелина 8 - 10 жас аралығындағы қатысушылар арасында «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша II дәрежелі лауреат атанды. Байқау шарттары бойынша ол Ю.Энтиннің сөзіне, Е. Крылатойдың музыкасына жазылған «Крылатые качели» әнінің бейнематериалын ұсынды.
- Клубта Ангелина 3 жыл бойы вокалмен айналысады, ол қалалық «Голос. Дети» вокалдық шоуының жүлдегері, онда ол ІІ орынды иеленді - дейді қосымша білім беру педагогі, «Мәдениет майталманы» медалінің иегері, «Ұлағатты ұстаз әлемі» II халықаралық педагогикалық шығармашылық байқауының жеңімпазы Сәрсебеков Батырбек Жақсылықұлы.