ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Педагогикалық бастамалар - 2022» байқауының облыстық іріктеу кезеңінің қорытындысы
17-11-2022 11:30
«Педагогикалық бастамалар - 2022» байқауының облыстық іріктеу кезеңінің қорытындысы

«Педагогикалық бастамалар - 2022» республикалық байқауының аудандық, қалалық іріктеу кезеңдерінің қорытындысы бойынша облыстық іріктеу кезеңіне жалпы білім беретін, мамандандырылған мектептердің, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері, аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің әдіскерлері 78 жұмыс, оның ішінде Павлодар қаласы білім беру бөлімі ұйымдарының 21 жұмысы ұсынылды. Іріктеу кезеңі 7 - 11 қарашада облыстың білім беру басқармасының білім беруді дамытудың инновациялық орталығымен өткізілді. Мақсаты - білім берудің жаңа сапасына қол жеткізуді қамтамасыз ететін оқыту мен тәрбиелеу практикасы ретінде озық тәжірибені анықтау, педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Қазылар алқасының шешімі бойынша облыстық іріктеу кезеңінің қорытындысына байланысты облыстық байқаудың келесі кезеңіне қатысу үшін облыстың 21 педагогі, оның ішінде Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 9 педагогі ұсынылды.

23 қарашада жұмыс тәжірибесін қорғауға Кенжекөл ЖОМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмабеков Марат Имангелдіұлы, география пәнінің мұғалімі Танкибаева Меңдіқыз Алшынбайқызы, биология пәнінің мұғалімі Секенова Балжан Балкенқызы, А. Бөкейхан атындағы лицей-мектептің педагог-психологі Ханафия Мадина, Ж. Ташенов атындағы мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Садықова Динара Бауыржанқызы, Цхай Инна Олеговна, № 11 ЖОМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Минап Гүлбарша, № 39 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Матайбаева Жадыра Серікбекқызы, № 6 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Мұрынбаева Ғалия Исламғазықызы, № 38 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қатысады.