ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп директорлары орынбасарларының басқарушылық шеберлігін жетілдіру
17-11-2022 17:49
Мектеп директорлары орынбасарларының басқарушылық шеберлігін жетілдіру

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 17 қарашада «Педагог кадрлардың аттестаттауын ұйымдастыру және өткізу бойынша оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасарларының жұмыс жүйесі» тақырыбында практикалық сессия форматында «Директор орынбасарының мектебі» кезекті отырысы өтті. Семинар жұмысына әдістемелік жұмыс және аттестаттау мәселелеріне жетекшілік ететін 62 директор орынбасарлары қатысты.

Практикалық сессия барысында семинар қатысушыларына педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру бойынша директор орынбасарларының жұмысын ұйымдастырудың тиімді технологиялары мен практикалық тәжірибесі көрсетілді, аттестаттау мәселелері бойынша жұмысты жоспарлауға қойылатын нормативтік талаптар талқыланды, әдістемелік іс-шараларды ұйымдастырудың заманауи форматтары және педагогті аттестаттауға дайындау үдерісінде кәсіби шеберлік деңгейін арттыру бойынша педагогтермен жеке жұмысты ұйымдастыруы таныстырылды.

Семинар қатысушыларына педагогтерді аттестаттау ережесіндегі өзгерістерді реттейтін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің бұйрық жобасы таныстырылды. Диалог форматында аттестаттауды ұйымдастырудың проблемалық мәселелері, оның ішінде электрондық формат арқылы да қамтылды.

Сонымен қатар, семинар қатысушыларымен ҚР БҒМ 2021 жылғы 16 қыркүйектегі «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату ережелері» № 472 бұйрығына енгізілген өзгерістер шеңберінде педагогтерді жұмысқа қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастырудың жаңа тәсілдері талқыланды.

Практикалық сессия материалдары мен әдістемелік ұсынымдар мектептерге жолданды.