Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектепке дейінгі ұйымдардың балаларына экологиялық-эстетикалық тәрбие беру
18-11-2022 16:22
Мектепке дейінгі ұйымдардың балаларына экологиялық-эстетикалық тәрбие беру

   «Вхождение в профессию» жобасы аясында 2022 жылғы 16 қарашада Павлодар қаласының №3 мектепке дейінгі экоорталық сәбилер балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымдардың балаларына экологиялық - эстетикалық тәрбие берудің тиімділігін арттырудың педагогикалық шарттары» тақырыбында қалалық семинар-практикум өткізілді. Мақсаты - экологиялық-эстетикалық жұмысты жүргізудегі кәсіби құзыреттілікті, білім беру үдерісінің сапасын арттыру, мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың неғұрлым тиімді технологияларын, әдістемелерін, әдістері мен нысандарын практикаға енгізу. Аталған шараға 20 жас педагог қатысты.

   Семинардың модераторы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Нұрғалиева Нұргүл Қайроллақызы болды. № 3 сәбилер-балабақшасының педагогикалық ұжымы жұмысының негізгі бағыттарымен жетекшісі Лебедева Галина Степановна таныстырды.

   Әдіскер Жигалова Ольга Николаевна «Балабақшада экологиялық-эстетикалық кеңістік құру» тақырыбында сөз сөйледі. Тәрбиешілер Крюкова Наталья Александровна, Ляшенко Светлана Александровна «Көшпелі метеостанция тәсілдерімен мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық-эстетикалық мәдениетінің негіздерін тәрбиелеу» тақырыбында сөз сөйледі.Қатысушылар қыркүйек, қазан айларында ауа-райының салыстырмалы диаграммасын, жылдың белгілі бір кезеңінің табиғат жағдайы туралы графикалық модельдер құруды үйренді. Олар ауа-райы кітабына өз бақылауларын, талдауларын енгізді.Куцик Татьяна Александровна жас мұғалімдерді «Экологиялық пирамида», «Куб», «Муравейник», «Скворечник» сияқты дидактикалық құралдарымен таныстырды.

   Әлібекова Гүлмира Сүлейменқызы қатысушыларды қағаз - қағаз пластикпен жұмыс істеудің инновациялық технологиясымен таныстырды, іс жүзінде «Табақтардағы ертегі» экологиялық театрының атрибуттарын қалай жасауға болатынын, Аужанова Екатерина Александровна - «Бір ағаштың тарихы» экоертегісінкөрсетті. Қатысушылар театр қызметіндегі ағаштар, жәндіктер, құстар, орман тұрғындары, зауыттар, машиналар рөліне қатысты.

   Тілеуберлина Айгүл Миирманқызы семинар-практикумды «Экологияның негізі» рефлексиясымен қорытындылады. Жұмыста пайдалану үшін әдістемелік ұсыныстар берілді.