kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2234164
Бір айда187623
Бір аптада48775
Кеше2844
Тәулік8170
Павлодарлық бастауыш сынып оқушылары математика пәнінен білім алды
21-11-2022 10:15
Павлодарлық бастауыш сынып оқушылары математика пәнінен білім алды

Оқушыларды  жоғары деңгейдегі зияткерлік жарыстарға тиімді дайындау, дарынды математиктерді қолдау мақсатында 2022 жылғы 18 қарашада қалалық математикалық турнир өткізілді. Павлодар қаласындағы 42 жалпы білім беретін мектептердің 2 - 4 сыныптарының 197 оқушысы қатысты.

Турнир жазбаша түрде іріктеу кезеңінен тұрды – тапсырмаларды  шешу және жеке - ауызша. Бірінші турдың  қорытындысы бойынша екінші турға жалпы ұпай  санының 70% -дан   астамын жинаған 67 оқушы қатысты.

Ауызша турда қатысушылар төрт тапсырма бойынша бір ғана тәсіл жасауы керек еді. Тур қорытындысы бойынша барлық 67 жас математик жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын  - 6, II орын - 16,III орын - 45 оқушы.

2 сынып оқушылары арасында І орынды Ленинг Катриана, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектептің оқушысы, Қабыш Байназар, № 35 ЖОМ оқушысы иеленді. ІІ орынды № 2, 24, 38 ЖОМ, Ш. Шоқин атындағы, А. Бөкейхан атындағы оқушылар, ІІІ орынды  № 14, 17 (2), 21 (2), 25, 26, 40 (2), 43 (2), А. Шамкенов атындағы, М. Жүсіп атындағы, Ж. Тәшенев атындағы мектеп оқушылары  иеленді.

3 сынып оқушылары арасында І орынды, А. Бөкейхан атындағы мектеп  оқушысы Әбілденова Айару, № 21 мектеп  оқушысы Китайгора Артем иеленді. ІІ орынды № 6, 11, 26, 29, 35, 36, 39, 43, Б. Момышұлы атындағы ЖОМ оқушылары, ІІІ орынды - № 14, 17, 18 (2), 32, 40, Малайсары батыр атындағы, Қ. Мақпалеев атындағы, Ш. Шоқин атындағы, М. Әлімбаев атындағы, С. Торайғыров атындағы, Ж. Тәшенев атындағы ЖОМ оқушылары иеленді.

4 сынып оқушылары арасында № 21 мектеп оқушысы Лукьянчикова Эвелина, № 38 мектеп оқушысы Ұрасқан Әлихан І орын алды. ІІ орынды № 2 ЖОМ, Б. Момышұлы атындағы мектеп оқушылар, ІІІ орынды - №  6, 11, 17, 18, 24, 25, 26, 27 (2), 29, 30, 39 (2), Ш. Шөкин атындағы, М. Әлімбаев атындағы, А. Шамкенов атындағы, А. Байтұрсынұлы, Ж. Тәшенев атындағы, М. Әуезов атындағы  мектеп  оқушылары иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту орталығының сертификаттарын алды. Бірінші және екінші турларда ең көп ұпай жинаған жеңімпаздар 24 қарашада облыстық турнирге қатысады.