kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2234164
Бір айда187623
Бір аптада48775
Кеше2844
Тәулік8170
Павлодарлық оқушылар «Жыл оқушысы» республикалық байқауының үш кезеңінен өтті
22-11-2022 09:18
Павлодарлық оқушылар «Жыл оқушысы» республикалық байқауының үш кезеңінен өтті

«Жыл оқушысы» байқауының бірінші республикалық турының өзін-өзі таныстыру бойынша қалалық, аудандық іріктеу турларының қорытындысы бойынша облыстық кезеңге облыстың 59 оқушысы, оның ішінде Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 4 оқушысы қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, «Жыл оқушысы» республикалық байқауының ережесіне сәйкес байқау бес турдан тұратын 6 - 7, 8 - 9, 10 - 11 сынып оқушылар арасында өткізілуде.

Облыстық турда олар екінші кезеңге - эссе жазуға және үшінші кезеңге - шешендік өнер байқауына қатысты.

Екінші және үшінші облыстық турлардың қорытындысы бойынша облыстың 27 оқушылары, соның ішінде Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 3 оқушылары жүлделі орындарға ие болды және облыстың білім беру басқармасының тиісті деңгейдегі дипломдарымен марапатталды.

6 - 7 сынып оқушылары арасында І орынды Малайсары батыр атындағы ЖОМ 6 сынып оқушысы Назар Фариза иеленді.

8 - 9 сынып оқушылары арасында ІІІ орынды № 30 ЖОМ 9 сынып оқушысы Айдын Айман, 10 - 11 сынып оқушылары арасында № 21 ЖОМ 10 сынып оқушысы Сапарғалиев Шыңғыс иеленді.

 

         Төртінші республикалық турға портфолио байқауының ұйымдастыру комитетіне облыстық кезеңнің жеңімпазы Назар Фариза қатысады.