kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2230041
Бір айда181875
Бір аптада42073
Кеше8290
Тәулік482
Бала құқығы - адам құқығы
22-11-2022 09:35
Бала құқығы - адам құқығы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің іс-шаралар жоспарындағы «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанын өткізуге  сәйкес «Бала құқығы - адам құқығы» атты  Республикалық декада шеңберінде «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына  Павлодар қаласы мектептерінің ата-аналар қоғамының өкілдері, № 25 ЖОМ психологі Ордабаева Жанар Бейсенбайқызы, Торайғыров университетінің психологі Жаминова Оразгуль Оразалиновна, «Сеніммен болашақ»  республикалық ата-аналар бірлестігінің директоры Жанарыс Қызыр қатысты. Қатысушылар бала құқығының сақталуындағы  ата-ананың рөлі, оқушының «құқығы» және «міндеттері» ұғымдары,  құқықтары және міндеттерінің бірлігі, заңға қайшы қылықтарға деген  теріс қатынасты қалыптастыру, басқа адамдар құқығына құрмет сезімін тәрбиелеу мәселелерін талқылады.  

«Кел, танысайық» тренингі, «Заңгердің кеңесі» рөлдік ойыны,  «Бала құқықтары туралы конвенция» сұрақ-жаптар өткізілді,  өмірде туындаған жағдайларға шешімдер ізделді.

- Жақсы тәрбие - бұл  біздің балаларға дұрыс бағыт беріп,  тәрбиесінде, оқуында және дамуында  балалар мүддесін ескере отырып оларға көмек көрсету,   бірақ бұл  баланың  бір ата-анасының  нақты көшірмесі болуы керек деп балаға деген эмоциялық қысымды көрсету деген сөз емес, -  екендігін ескерте айтты өз сөзінде Жанарыс Қызыр.