ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тоғызқұмалақтан республикалық турнирдің жүлдегерлері
23-11-2022 09:18
Тоғызқұмалақтан республикалық турнирдің жүлдегерлері

Облыстық «Saryarqa samaly» газеті тоғызқұмалақтан XIV дәстүрлі турнирді қорытындылады. Алматы, Астана, Ұлытау, Қарағанды, Семей, Орал, Шығыс Қазақстан облысы, Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Шарбақты, Железин аудандарынан осы зияткерлік ойынның 30-дан астам білгірі қатысты.

Қатысушылар 16 жасқа дейінгі және 16 жастан асқан жас топтарына бөлінді. Барлық жеңімпаздар грамоталармен, медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

40 жеңімпаз және жүлдегер қатарында Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 9 - 16 жас аралығындағы 3 оқушы бар.

9 жасар қыздар арасында II орынды Ж. Тәшенев атындағы мектептің 3 сынып оқушысы Нұрмағамбетова Еркеназ, III орынды № 11 ЖОМ 4 сынып оқушысы Капсалямова Ясмин иеленді.

11 жастағы ұлдар арасында III орынды № 25 ЖОМ 4 сынып оқушысы Қайриденов Арнат иеленді.

Еркеназдың айтуынша, ол бір жылдан астам уақыт бойы үйірме жетекшісі Бауыржан Абылайханұлы Аблайхановпен айналысып келеді. «Saryarqa samaly» газеті өткізген жарысқа алғаш рет қатысып отыр.

- Маған бұл турнир ұнады, өйткені онда жоғары қабілеттерімен ерекшеленетін спортшылар бақ сынасты. Тоғызқұмалақ ойлауды, логиканы дамытуға ықпал етеді, - дейді Еркеназ.

Ясмин өзінің жас тобында 60 қатысушының ішінде III орынға ие болды.

- Маған бұл жарыстар ұнады, өйткені турнир республикалық деңгейдегі турнир болды. Басқа қалалардан көптеген балалар келді, мен өз нәтижеме ризамын, - дейді Ясмин.

         Арнат екінші сыныптан бастап тоғызқұмалақ мектебінің үйірмесіне қатысады, дене шынықтыру мұғалімі Алашпаев Жанайхан Әнуарбекұлымен айналысады.

- Осы ойынға қатыса отырып, мен үлкен тәжірибе алдым, өйткені қарсыластар мықты болды, - ойыннан кейін ол өз әсерімен бөлісті.

Алдағы уақытта да түрлі жарыстарға қатысуды және өз шеберлігін арттыруды жоспарлап отыр.