kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2234164
Бір айда187623
Бір аптада48775
Кеше2844
Тәулік8170
Педагогикалық тәжірибені жалпылау бойынша облыстық конкурстың қорытындысы
24-11-2022 14:32
Педагогикалық тәжірибені жалпылау бойынша облыстық конкурстың қорытындысы

Павлодар облысы білім басқармасының білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Педагогикалық бастамалар - 2022» республикалық конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысын шығарды 2022 жылғы 23 қарашада конкурсқа жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептердің, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты, 78 жұмыс, оның ішінде Павлодар қаласынан  21 педагогтің жұмысы ұсынылды.

Қала педагогтары Жұмабеков Марат Имангелдіұлы, Кенжекөл ЖОББМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Танкибаева Меңдіқыз Алшынбайқызы, география пәнінің мұғалімі, Секенова Балжан Балкенқызы, биология пәнінің мұғалімі, Ханафия Мадина, А. Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінің педагог-психологы, Садықова Динара Бауыржанқызы, Ж.Ташенов атындағы ЖОМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Цхай Инна Олеговна, № 11 ЖОМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Минап Гүлбарша, № 39 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Матайбаева Жадыра Серікбекқызы, № 6 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Мұрунбаева Ғалия Исламгазықызы, № 38 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Облыстық конкурстың қорытындысы бойынша 7 педагог, оның ішінде Кенжекөл ЖОМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Марат Имангелдіұлы Жұмабеков, № 11 ЖОМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Инна Олеговна Цхайдың жұмыстары үздік танылды.

Байқаудың үздік жұмыстары «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауына бағытталатын болады. Әріптестерімізге сәттілік тілейміз.