ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептерінің жас математиктер жетістігі
24-11-2022 21:03
Қала мектептерінің жас математиктер жетістігі

   Оқушыларды жоғары деңгейдегі зияткерлік жарыстарға тиімді даярлау мақсатында 2022 жылғы 24 қарашада Павлодар қаласының  А. Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінде бастауыш сынып оқушылары арасында «Бастау» Х облыстық математикалық турнирі өткізілді. Ұйымдастырушы облыстың білім басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы болып табылады.

   Мамандандырылған мектептерден 90 оқушы және Павлодар қаласының № 21, 35, 38, А.Байтұрсынұлы атындағы, А. Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектептерден 5 оқушы, қалалық турдың жеңімпаздары қатысты.

   Қатысушылар тапсырмаларды  шешіп және ауызша тапсырма шешуін жеке-жеке қорғады. Турнир қорытындысы бойынша төрт павлодарлық оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде бас жүлдені 2-сынып қатысушылары арасында А. Байтұрсынұлы атындағы мектептің оқушысы Ленинг Катриана иеленді.

   Сондай-ақ, екінші сынып оқушылары арасында №35 ЖОМ оқушысы Қабыш Байназар ІІІ орынға ие болды.

   3 сынып оқушылары арасында ІІ орынды Абылденова Айар (А. Бөкейхан атындағы мектеп-лицей), 4 сынып оқушылары арасында - Ұрасқан Әлихан (№ 38 НОМ) иеленді.

   Жеңімпаздар мен жүлдегерлер  облыстың білім басқармасының дипломдарымен марапатталды. Гран-при иегері Ленинг Катриана республикалық турнирге қатысады.