kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2230041
Бір айда181875
Бір аптада42073
Кеше8290
Тәулік482
Мектептегі инновациялық процесстер: жаңа сын-тегеуріндер - жаңа дағдылар
25-11-2022 09:45
Мектептегі инновациялық процесстер: жаңа сын-тегеуріндер -  жаңа дағдылар

Павлодар қаласының М. Әуезов атындағы мектепте 2022 жылғы 24 қарашада мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарының «Мектептегі инновациялық процесстер: жаңа сын - тегеуріндер - жаңа дағдылар» тақырыбы бойынша шығармашылық зертханасының кезекті отырысы өтті. Семинар жұмысына әдістемелік жұмыс және бейіндік оқыту мәселелеріне жетекшілік ететін мектеп директорларының орынбасарлары қатысты.

Семинар қатысушыларына М. Әуезов атындағы мектептің білім беру мазмұнын басқару және жаңарту аспектісіндегі инновациялық технологиялар таныстырылды. Практикалық зертхана аясында мектеп директорының орынбасарлары Бақытжамал Мақсұтқызы Акишева, Жанна Конофьяновна Темірғазина «Қазіргі заманғы менеджменттегі көшбасшылық (Leadership) - басшы орынбасарларын одан әрі дамытуға ынталандыру» мәселесі бойынша тәжірибе ұсынды.

Басшының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Безрукова Юлия Алексеевна басқаруда цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылардың қызығушылығын «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру бойынша қалалық орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Омарова Лаура Серікқызының «Мобильді кітапхана оқуды оқытудың интерактивті құралы ретінде» жұмыс тәжірибесінің тұсаукесері тудырды.

Мектеп мұғалімдері Иванова Евгения Викторовна, Эргашова Замира Шамуритовна, Херхенредер Алена Николаевна, Қыпшақпаева Шолпан Ысқаққызы білім беру мазмұнын жаңартудың өзекті әдістемелік-педагогикалық мәселелері аспектісіндегі инновациялар тәжірибесімен таныстырды: «Мектепте биологияны екі тілде оқыту: практика және перспективалар» «Жаһандық құзыреттіліктер: мультимедия әлемі», «Әр ғасыр ғалымдарымен диалог» («Физика» және «Ағылшын тілі» пәндерін интеграциялау), «Қазақстанның мәдени мұрасы...» («Ежелгі «Қазақстанның тарихи ескерткіштері» элективті курсын жүргізу тәжірибесінен).

Шығармашылық зертхананың қорытындысы бойынша рефлексия қатысушылардың М. Әуезов атындағы мектеп басшылары мен педагогтерінің инновациялық ізденістеріне қызығушылығын анықтады. Мектептің тәжірибесі мектеп директорлары орынбасарларының жоғары бағасына ие болды.