ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың үздік пайдаланушылары
25-11-2022 15:30
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың үздік пайдаланушылары

   Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ғылыми және практикалық мүдделерді дамыту, инновациялық және шығармашылық ақпараттық идеяларды, дарынды педагогтерді қолдау мақсатында 2022 жылғы 21 - 23 қарашада Ertis Digital Ustaz «Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» тақырыбындағы облыстық қашықтықтан байқауының екінші финалдық кезеңі өткізілді. Ұйымдастырушы облыстың білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы болып табылады.

   Облыстық байқаудың екінші финалдық кезеңіне өткен 51 жұмыстың авторлары 5 бағыт бойынша бақ сынасты. Қазылар алқасының құрамында Павлодар педагогикалық университетінің «Информатика» білім беру бағдарламасының жетекшісі, облыстың білім беруді дамытудың Инновациялық орталығының әдіскері және ақпараттық технологиялар орталығының мамандары болды.

   Байқау қорытындысы бойынша бір қатысушы бас жүлденің иегері, 15 қатысушы жеңімпаз атанды, 9 қатысушы облыстың білім беру басқармасының грамоталарымен марапатталды.

   ІІ дәреженің 5 дипломанттарының қатарында Нұргүл Ахметбекқызы Жанғазина, Б. Момышұлы атындағы ЖОМ мұғалімі, Айбек Камиль, № 35 ЖОМ мұғалімі, Ардақ Жеңісқызы Қабасова, № 43 ЖОМ мұғалімі, Махаббат Қабарқызы Жапарханова, № 27 ЖОМ мұғалімі бар.

    ІІІ дәреженің 5 дипломанттарының қатарында Бақтыбаева Айжан Зекенқызы, Кенжекөл ЖОМ мұғалімі, Кабышева Жаныл Кагаровна, №2 ЖОМ мұғалімі бар.

  Байқауда облыстың 10 педагогінің ішінде Павлодар қаласы мектептерінің 4 педагогі үміткер атанды.«Шығармашыл» номинациясы бойынша Павлодар қаласы Әлихан Бөкейханов атындағы лицей-мектебінің мұғалімі Әзімбаева Әсия Жамболатқызы, «Іздемпаз» номинациясы бойынша №26 ЖОМ мұғалімі Шакенова Жанагүл Сатбекқызы, «Ерекшелік» номинациясы бойынша Мәшһүр Жүсіп атындағы ЖОМ мұғалімі Саденова Ризагүл Жылқыбайқызы, Кенжекөл ЖОМ мұғалімі Сәденов Қаныш Айтбайұлы марапатталды.