ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Әзіл мен интеллект мерекесі
25-11-2022 17:55
Әзіл мен интеллект мерекесі

Қаланың білім беру мекемелерінің командалары арасында қалалық КТА-ның финалдық туры 24 қарашада өтті. 2022 жылы «Көңілді тапқырлар алаңы» ұранымен және әлеуметтік серіктестік жылына арналып өткізілуде. КТА ұйымдастырушылары «Павлодар қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ филиалы, Павлодар қаласының білім беру бөлімі, қаланың жас педагогтер кеңесі болып табылады.

КТА жас педагогтер арасында үлкен қызығушылық тудырды. 1-ші іріктеу турына мектептерден, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерден 29 команда қатысты. Жартылай финалға 20 команда шықты.

Финалда ең көңілді және тапқыр атағы үшін № 5, 11, 17,18, 21, 25, 39, 41, Ж. Тәшенев атындағы, М. Әуезов атындағы, Жетекші ЖОМ, «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының 13 командасы бақ сынасты.

Финалға облыстық білім беру мекемелері басшыларының жастар кеңесінің мүшелері, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, командалардың жанкүйерлері қатысты.

Финалдың 2 кезеңінде командалар лайықты өнер көрсетуі керек болды: 1 - «Сәлемдесу» сайысы - «Приветствие» - «Жаңа Қазақстан!» визиткасы және 2 - «Үй тапсырма» сайысы - «Домашнее задание» - «Мен мынаны көремін...». Финалда жарқыраған әзіл естіліп, командалар тапқырлық пен шығармашылықта өнер көрсетті.

Табанды күресте 13 команда жеңімпаз атанды. Гран-при иегері Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының «Жігерлі жігіттер» командасы болды.

- Бүгін барлық командалар жақсы дайындалып, қызықты ойын көрсетті, әзілмен бақ сынасты, импровизация жасады, түрлі әзіл-сықақ ситуацияларын көрсетті, - дейді «Жігер» клубының команда капитаны Конратбаев Олжас Файзуллинович.

I орынды Б. Момышұлы атындағы, Ж. Тәшенев атындағы мектептердің командалары, II орынды № 5, 17, 39 мектептердің командалары, М. Әуезов атындағы мектептердің командалары, III орынды № 11, 18, 21, 25, 41, Жетекші мектептерінің командалары иеленді. Барлық командаларға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар берілді. Білім беру ұйымдарының басшыларына Павлодар қалалық кәсіподақ ұйымдарының білім беру қызметкерлерінің алғыс хаттары берілді.