ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Табысты педагогтің тәжірибесі
28-11-2022 11:24
Табысты педагогтің тәжірибесі

Педагогикалық әлеуеттің табыстылығын дамыту шеңберінде педагогикалық жұмыс тәжірибесін тарату бойынша диссеминация өтті. Семинар жұмысына мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытатын 30-дан астам физика мұғалімдері қатысты. Семинарды Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті ұйымдастырды.

Семинарда Кенжекөл орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, физика пәнінен 16 цифрлық сабақтың контентін әзірлеуші, «Жыл мұғалімі - 2021» қалалық және облыстық байқаулардың жеңімпазы, «ТМД үздік педагогі - 2022» халықаралық байқауының жеңімпазы, облыстың білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін педагог атағының иегері Қалиаскаров Әлібек Жұмажанұлы педагогикалық жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Ол «Оқушыларды физика пәні бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына дайындау» тақырыбында сөз сөйлеп, іс жүзінде өз қызметімен бөлісті. Оқушылардың зерттеу қызметінің технологиясы, танымдық, ақпараттық, нәтижелі құзыреттіліктері туралы жобаны таныстырды. Қатысушыларға  оқушылардың ғылыми жобаларын зерттеудің практикалық бағыттылығы мен олардың жетістіктері туралы фото, видео сюжеттер ұсынылды.

Кері байланыс форматында мұғалімдер өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша әдістемелік ұсыныстар алды. Семинар материалдары мен әдістемелік ұсынымдар мектептерге жолданды.