ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас педагогтер жобасындағы заманауи мектеп
28-11-2022 11:37
Жас педагогтер жобасындағы заманауи мектеп

Педагог мәртебесін арттыру, дарынды педагогтарды қолдау, олардың кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру, дарынды жас педагогтарды дәріптеу мақсатында 2022 жылғы 25 қарашада «Ұстаздар аламаны» байқауының қалалық кезеңінің іріктеу туры өтті.

Байқауға қатысуға қаланың 28 педагогі өтініш берді. Іріктеу турында  әр педагог сәйкес PITCH презентация форматында «Заманауи мектеп» жобасын қорғады.

Жоба жобаның өзектілігі, инновациялық тартымдылығы, мазмұны, практикалық маңыздылығы, жобаны ұсынудың өзіндік ерекшелігі критерийлері бойынша бағаланды. Қазылар алқасының шешімі бойынша финалда 6 педагог өтті: Ауталипов Нияз Ерболұлы, № 41 мектептің тарих пәнінің мұғалімі, Ақылбек Нұрсұлтан, М. Әлімбаев атындағы мектептің физика пәнінің мұғалімі, Рысқұл Меруерт Бауыржанқызы, М. Жүсіп мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, Ташкенбаева Жәмиля Көшербайқызы, № 2 мектептің информатика пәнінің мұғалімі, Тілеуберді Жадыра, № 20 балабақшаның тәрбиешісі, Төкен Ақерке Торжанқызы, Ж. Тәшенев атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

Финалдық турда қатысушылар 3 байқауға қатысады: «Жүзден жүйрік», «Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Шындық-жалған».