ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушы мемлекеттік тілді меңгергенін көрсетті
30-11-2022 12:35
Павлодарлық оқушы мемлекеттік тілді меңгергенін көрсетті

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында 2022 жылғы 28 қарашада Астана қаласында «Өнер алды - қызыл  тіл» байқауының қорытынды республикалық кезеңі өтті.Қазақстан өңірлері байқауының облыстық кезеңдерінің жеңімпаздары, соның ішінде Павлодар қаласының   Ш. Шокин  атындағы мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы Бунина Алина қатысты. Мақсаты - мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау арқылы жалпықазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту. Ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Қоғамдық келісім» РММ болып табылады.

         Байқау шарттары бойынша қатысушылар мемлекеттік тілде өздері туралы әңгімелеп, 2022 жылдың мерейтойлық күндеріне арналған көркем шығармаларды жатқа оқыды.

         Байқау қорытындысы бойынша «Өнер  алды - қызыл  тіл» номинациясы бойынша Алина жеңімпаз атанып, Smart сағатымен Қазақстан халқы Ассамблеясының дипломымен марапатталды. Алина мемлекеттік тілде өзі туралы айтып, А. Байтұрсыновтың «Қазақтын  баланы жұбатуы» өлеңін жатқа оқыды.

         - Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, түркі тілдерінің бірі, оны әрбір қазақстандық үйренуі және білуі тиіс, - деп есептейді.