ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалардың суреттерінен халық дәстүрлерін көру
30-11-2022 15:23
Балалардың суреттерінен халық дәстүрлерін көру

Уфа қаласында өткен  Ресей халқының халық өнері мен мәдени мұрасы жылына арналған А. Кузнецов атындағы балалар көркем шығармашылығының халықаралық байқауына Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінің - ЮНЕСКО клубының 36 оқушысы қатысты. Олардың үшеуі, педагог Решетова Наталья Владимировнаның оқушылары байқаудың жүлдегерлері атанды.

Халқымыздың салт-дәстүрлері - оқушыларымыздың сүйікті тақырыбы, балалар Наурыз мейрамы, халық батырлары туралы өз суреттерінде көрсеткенді, музыкалық күйлердің бейнелерін жырлағанды ұнатады. Байқаулардың арқасында әр түрлі елдердің балалары мәдени құндылықтармен алмасады, өмір, тұрмыс, тарих туралы біледі», - дейді мектеп басшысы Мағзамова Ляйля Мүкәрәмқызы.

Үздік жұмыстары үшін 13 жастағы Стрелова Ярослава «Эпос» номинациясында гелді қаламмен орындалған «Қобыланды батыр» жұмысы үшін, «Халық дәстүрлері» номинациясында түрлі-түсті қарындаштармен орындалған «Дала әні» жұмысы үшін 14 жастағы Балина Евгения байқаудың дипломанттары атанды.

«Халық дәстүрлері» номинациясында фломастермен орындаған «Айтыс» жұмысы үшін 14 жастағы Илья Солоденко III дәрежелі лауреат атанды.

- Үш жеңімпаз да өте талантты оқушылары. Олар ерте жастан бастап бейнелеу өнерімен айналысады, әртүрлі деңгейдегі байқаулардың бірнеше дүркін жүлдегерлері. Илья мен Ярослава, Ханты-Мансийск қаласындағы (2019 жыл) «Балалардың көзімен Қызыл кітап» балалар бейнелеу шығармашылығы халықаралық байқау-көрмесінің жеңімпаздары, Ярослава, Шымкент қаласындағы «Ұлы дала аңыздары» республикалық байқауының III дәрежелі дипломанты (2021 жыл), Балина Евгения 2022 жылы Алматы қаласындағы «The Planet of Art» халықаралық байқауының финалисті болып табылады, - дейді балалардың педагогі.