ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Инклюзивті білім беру бойынша қала мектептерінің жұмыс тәжірибесі
01-12-2022 09:25
Инклюзивті білім беру бойынша қала мектептерінің жұмыс тәжірибесі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті 60-тан астам педагог-психологтердің, пән мұғалімдерінің, жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің қатысуымен «Білім беру кеңістігіне қатысушыларға бірдей бастапқы мүмкіндіктер жасау - инклюзивті білім берудің жаңа парадигмасы» атты семинар өткізді. Мақсаты - инклюзивті білім беруді дамыту, ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс.

Семинарда психологтердің, пән мұғалімдерінің, бастауыш сынып және С. Торайғыров атындағы мектептің сынып жетекшілерінің жұмыс тәжірибесі ұсынылды, қатысушылар үш диалог алаңында жұмыс істеді.

Бірінші алаңда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Семенқызы Нұрахметова, С. Торайғыров атындағы мектептің басшысы Болат Қабкенұлы Айғожин сөз сөйледі. Олар білім беру кеңістігіне қатысушыларға бірдей бастапқы мүмкіндіктер жасау, ата-аналар жұртшылығымен өзара іс-қимыл жасау мәселелеріне тоқталды. Басшының орынбасарлары: Савченко Татьяна Алексеевна – «Жалпы білім беретін мектеп жағдайындағы инклюзивті білім беру», Шавенкова Наталья Петровна - «Бастауыш сынып оқушыларының сенсорлық моторикасы мен сөйлеуін интеграциялау үшін жаңартылған мазмұн мүмкіндіктері», Жусупова Сәуле Серікқызы - «Болашаққа қадам» орталығының басшысы - «Аутизм: проблемалар мен шешу жолдары» тақырыбында жұмыс тәжірибесімен бөлісті.  

Пән мұғалімдері мен бастауыш сынып мұғалімдерінің инклюзивті практикасы бойынша диалог алаңында 11 шығармашылық зертханада жұмыс ұсынылды. Сероокая Ольга Владимировна «Зертханалық жұмыстарды орындау кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, физика сабақтарында ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар үшін формативті бағалау», Усина Анара Амангелдіқызы – «Биология сабақтарында ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар үшін формативті бағалаудың ықтимал нұсқалары мен түрлері», Гайсина Александра Владимирова, Камерова Асем Русланқызы «Ерекше білім беруді қажет ететін бастауыш сынып оқушыларын оқыту әдістері», Матюшева Анна Александровна, Поляков Илья Олегович - «Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды оқытуда виртуалды визуализацияны қолдану мүмкіндіктері», Казанцева Карина Юрьевна, Ерсаин Әйгерім Дәулетқызы, Бородина Елена Геннадьевна – «Өзін-өзі тану, орыс тілі сабақтарында ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың оң уәждемесін қалыптастыру», Камалитденова Галия Камильевна - «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытудағы сараланған тәсіл», Сәрсекеева Әсем Шаймұратқызы, Есембаева Бахыт Иланбекқызы - «Қазақ тілі сабақтырында ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен мәтінмен жұмыс жасау тәсілдері», Боровик Наталья Владимировна - «Ерекше бала мен оның отбасының сынып жетекшілермен өзара іс-қимылы», Ахметзянова Мунира Зинуровна - «Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту», Амирханова Лилия Николаевна - «Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға арналған жалпы білім беру бағдарламасының мазмұнын бейімдеу» тақырыбында баяндама жасады.

Үшінші диалог алаңында қала мектептерінің мұғалімдері үшін «Қиындықты қалай қол жетімді ету керек?» шебер сағатын мұғалім Шавенкова Наталья Петровна, психологтерге арналған 3-сынып оқушыларының қатысуымен «Әр түрлі, бірақ бірдей» тренингін мектептің педагог-психологі Полозюкова Алена Владимировна өткізді.

Рефлексия еркін микрофон түрінде өтті, семинарда өз жұмысының тәжірибесін ұсынған қатысушыларға сертификаттар табысталды. С. Торайғыров атындағы мектеп педагогтерінің инклюзиялау бойынша жұмыс тәжірибесі 2023 жылғы наурыз айында инклюзив бойынша II республикалық конференцияға ұдіберу үшін ұсынылды. Диалог алаңдарының материалдары жұмыста одан әрі пайдалану үшін қаланың білім беру мекемелеріне жіберілді.