ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар мұғалімдерінің облыстық олимпиададағы жетістіктері
06-12-2022 15:42
Павлодар мұғалімдерінің облыстық олимпиададағы жетістіктері

Торайғыров университетінде өткен «Алтын тұғыр» республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне 2022 жылғы 25 қарашада облыстың 139 бастауыш сынып мұғалімі, оның ішінде Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 14 мұғалімі қатысты. Облыстың білім беру басқармасы «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі» ЖШС және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Мақсаты - шығармашылық әлеует пен педагогикалық шеберлікті дамыту және қолдау, кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізу, педагогикалық мамандық мәртебесін арттыру.

Байқау қорытындысы бойынша Павлодар қаласы мектептерінің 6 қатысушылары жүлделі орындарға ие болды, бір қатысушы облыстың білім беру басқармасының, «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің грамотасымен марапатталды.

ІІ орынды Ш. Шөкин атындағы гимназия-мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бейфус Елизавета Андреевна иеленді.

ІІІ орынды бастауыш сынып мұғалімдері Сағымбаев Рустам Бахытбекұлы (А.Бөкейхан атындағы лицей-мектебі), Уалинова Айнұр Жұмагелдіқызы (Б. Момышұлы атындағы ЖОМ), Арыстанбекова Жанар Кымбатқызы (М. Жүсіп атындағы ЖОМ), Тастенова Жанара Марсовна (№29 ЖОМ), Балтағұлова Рымтай Аманболқызы (№7 ЖОМ) иеленді. Жоғары нәтижелері үшін грамотамен Сағитова Сания Асқарқызы (А. Шамкенов атындағы мектеп) марапатталды.