Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Оқытудағы сараланған тәсіл
07-12-2022 08:08
Оқытудағы сараланған тәсіл

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалымен бірлесіп № 7 мектептің базасында «Оқытудағы сараланған тәсіл» тақырыбында семинар-практикум өткізді. Мақсаты - жас педагогтерге әдістемелік көмек көрсету, сараланған тәсіл негізінде сабақты тиімді жоспарлауды қолданудың рефлексивті дағдыларын жетілдіру. Тренингке бірінші жылы жұмыс істейтін орыс және қазақ тілдерінде оқытатын қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 60-тан астам жас мамандары қатысты.

Модераторлар Шолпан Саменоқызы Нұрахметова, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері, «ПроЛС» клубының басшысы, Бибігүл Жамбылқызы Нығметова, жаттықтырушы, Қайыржан Сағынтайұлы Әлмағамбетов, «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалының аға менеджері.

Семинар-практикум жұмысы интерактивті форматта өткізілді. Бірлескен талқылаулар негізінде мұғалімдер оқытуда саралаудың мәнін анықтауға, саралаудың түрлері мен әдістерін ажыратуға, оларды сабақта жүзеге асырудың тиімділігін бағалауға үйренді. Жаттықтырушылар іс жүзінде қатысушыларды бірлескен қызметке тартты, қатысушыларға сараланған оқытуды қолдану бойынша әдістемелік ұсыныстар берді.

         Жас мамандар бүгінгі таңда білімді интеграцияламай, жеке оқытуды сәтті ұйымдастыру мүмкін еместігіне көз жеткізіп, әдістемелік қорды оқытудың жаңа құралдарымен толықтырды. Семинар материалдары электронды-әдістемелік дайджестте орналастырылған және практикада пайдалану үшін қала мектептеріне жіберілді.