ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп түлектері жас музыканттармен кездесті
08-12-2022 09:41
Мектеп түлектері жас музыканттармен кездесті

Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебінің «Кездесуге бір қадам» жобасы аясында шығармашылық кездесу өтті. Кездесуге тағы да мектептің 2019 жылғы түлектері, қазіргі таңда «Музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешенінің 4-курс студенттері шақырылды.

Кездесуде олар музыка мектебінде оқыған жылдарын, музыкалық білімдерін колледжде жалғастырып үлгергендерін, колледжде қандай жетістіктерге жеткендері туралы әңгімеледі.

- Мен «Домбыра» мамандығы бойынша қазақ халық аспаптары бөлімінде оқимын. Мектепте оқып жүрген жылдары 2017 жылы Астана қаласында өткен «Көктем әуені», 2019 жылы Павлодар қаласында өткен «SilkWAY» халықаралық конкурстарының, 2019 жылы 52-ші облыстық жас музыканттар конкурсының лауреаты болдым, - дейді Айдос Әубәкіров.

Айдос Республикалық «Қазақстан Республикасының ТОП-100 студенті» жобасына енген. Колледжде студенттік өзін-өзі басқарудың жетекшісі, студенттік парламентте Мәдениет министрі, «Book for me» жобасының төрағасы болып табылады.

Қаратай Нұрбол қазақ халық аспаптары бөлімінде «Домбыра» мамандығы бойынша оқиды. Мектепте оқып жүрген жылдары 2017 жылы Астана қаласында өткен «Көктем әуені» халықаралық конкурсының, 2018 жылы Санкт-Петербург қаласында өткен «Музыка аумағы - шексіз» IX халықаралық конкурсының, Павлодар қаласында 2019 жылы өткен «SilkWAY» конкурсының, 2019 жылы 52-ші облыстық жас музыканттар конкурсының лауреаты атанды. Колледжде ол студенттік парламенттің президенті болып табылады. Колледждің «Қаған»  этно-фьюжн ансамблінің мүшесі.

Кездесуде Айдос пен Нұрбол «Күй шашу» попурриін орындады. Студенттер мектеп оқушыларының сұрақтарына жауап беріп, педагогтерге алғыстарын білдірді.