ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Халықаралық спорттық бал билері фетиваліндегі жігерліктердің жетістігі
09-12-2022 09:39
Халықаралық спорттық бал билері фетиваліндегі жігерліктердің жетістігі

«Kazakhstan Dance Festival - 2022» халықаралық спорттық бал билері фетиваліне әлемнің 14 елінен 3166 адам қатысты, сонымен қатар Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының «Эмералд», «Дос» балалар-аула клубтарының 8 тәрбиленушісі де болды. Фестиваль Астана қаласында Тұңғыш Президент мұражайында өтті, ұйымдастырғандар WDC атты Бүкіләлемдік би кеңесі, WDО Дүниежүзілік би ұйымы, Қазақстандағы NDC Ұлттық би кеңесі, «SDance Studio» би студиясы.

Фестиваль  жасына және билеу деңгейіне қарай 3 - 4 номинацияға бөлінген  санаттар бойынша конкурстық бағдарлама түрінде өтті. Жігерліктер 15 жүлделі орынды иеленді

«Дос» клубының тәрбиеленушілері жүлделі I орынды «Юниоры 1+2» Н3 сынып, Н4 сынып 16 жасқа дейінгі және одан кіші санатта Жакупова Алуа, № 29 ЖОМ 7 сынып оқушысы, II орын - «Балалар1» санаты Н2 сынып 7 жас және одан кіші топта Кулагина Виктория, № 5 ЖОМ 1 сынып оқушысы, «Ювеналы 2» санаттағы Н3 сынып, Н4 сынып 10 - 11 жас - Султанова Мариям, № 17 ЖОМ 4 сынып оқушысы Шишова Евгения, № 30 ЖОМ, 4 сынып оқушысы, «Юниоры 1+2» Н3 сынып, Н4 сынып, 16 жасқа дейінгі және одан кіші - Жанпейсова Самира, № 17 ЖОМ 6 сынып оқушысы, «Ювеналы 2» санатындағы Н 3-сынып 10 - 11 жас және III орын Н4 сынып - Кулагина Арина, № 5 ЖОМ 5 сынып оқушысы, ІІ орын «Ювеналы 2» санаты Н4 сынып 10 - 11 жас және III орынды Н3 сынып - Көпеева Акжамал, Абай атындағы № 10 мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы, II орын, санаты «Ювеналы 1» Н2 сынып, Н3 сынып 9 жас және одан кіші топта Дәуіт Айдана «Эмералд» клубының тәрбиеленушісі № 21 ЖОМ 4 сынып оқушысы иеленді.

- Барлық тәрбиеленушілер  спорттық-бал би үйірмесіне бірінші жыл қатысып жүргендер емес, олар спорттық бал биі  бойынша халықаралық және республикалық фестивальдердің  белсенді қатысушылары болып табылады. Тәрбиеленушілердің ата-аналарына қолдаулары үшін шексіз алғысымды білдіргім келеді, - деді қорытындылай келе, «Жігер» клубының қосымша білім беру педагогы Шевчук Павел Павлович, WDC халықаралық дәрежедегі төреші, «Member» спорттық бал билерінің оқытушысы.