ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған іс-шараларға қатысу
13-12-2022 10:17
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған іс-шараларға қатысу

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің ұйымдарында Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған жоспарлы іс-шаралар өтуде. Іс-шаралар шеңберінде Қазақстан туралы тақырыптар бойынша сынып сағаттары, көрмелер, конкурстар, олимпиадалар, оқулар, кездесулер, мерекелік концерттер, жарыстар, пікірталастар өткізіледі. Іс-шараларға 40000-нан астам бала, педагогтар, ата-аналар қатысады.

Павлодар қаласы білім бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы оқушылардың туған өлкесін практикалық тануға, қоршаған табиғатпен, тарих және мәдениет ескерткіштерімен танысуға, зерттеу қызметіне қызығушылығын арттыруға арналған «Менің Отаным - Қазақстан» ХХІІ-ші аймақтық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. Өз жобаларын 5 секцияда облыстың қалалары мен аудандарының білім беру ұйымдарынан 260-тан астам оқушы қорғады.

Қазылар алқасының құрамына «Ертіс» музейі, М. Катаев атындағы  облыстық Оқушылар сарайы, Павлодар технологиялық колледжі, Тереңкөл ауданы мектебі, Павлодар облысының білім беруді дамытудың Инновациялық орталығы, Қазақстанның Скауттық қозғалысы Қауымдастығы, Павлодар Дарыны, Павлодар педагогикалақ университеті, экология және туризм орталығы өкілдері кірді.

Конференцияның  жас топтары бойынша қорытындысы: бастауыш, орта және жоғарғы буындарда 184 қатысушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын - 30, II орын - 67, III орын - 87.

«Экология және біз» секциясында іргелес аумақтарды көгалдандыру және абаттандыру бойынша жұмыс тәжірибесінен өңірлік экологиялық проблемаларды шешуге практикалық үлесін көрсететін жұмыстарды, мектеп орманшылықтарының, экологиялық отрядтардың жұмысын, сондай-ақ табиғатты қорғау, экология, фенология, СӨС, экологиялық соқпақтарды әзірлеу саласындағы зерттеулерді көрсететін 60 жұмыс ұсынылды, қатысушылардың 67%-ы жүлделі орындарға ие болды.

«Зерттеу жұмысы» секциясында байқаулардың, тәжірибелердің, эксперименттердің, зерттеулердің нәтижелері қамтылған 93 жұмыс ұсынылды, қатысушылардың 50%-ы жүлдегер атанды.

«Өз өлкеңді танып біл» секциясында туристік-өлкетану қызметі, өлкетану және археопалеонтология, этно-экспедиция, туристік экскурсиялық маршруттар туралы 47 жұмыс ұсынылды. «Тарих бесігі - мұражай» секциясында мектеп мұражайларының қызметі, тарих және мәдениет ескерткіштерін зерттеу, өлкетану экскурсиялық маршруттарын әзірлеу, экскурсоводтар туралы 27 жұмыс ұсынылды. «Ғылымға бастапқы қадам» секциясында экология, туризм және өлкетану орталығының қызметі туралы 17 жұмыс ұсынылды. Үш секцияға қатысушылар өлкетану жобалары үшін жүлделі орындарға ие болды.

№ 29 (4), 11, 40 (6), 17 (5), 43 (2), 39 (6), 32, 33 (2), 25, 31, 21 (5), 6 (2), 24, 14, 35, М. Әуезов атындағы (6), Р. Нұртазина атындағы, М. Әлімбаев атындағы (2), Б. Момышұлы атындағы (2), Қ. Бекқожин атындағы, М. Жүсіп атындағы (2), Ж. атындағы мектеп оқушылары жүлделі орындарға ие болды.

Ең үздік зерттеу жұмыстары № 32 ЖОМ 4 сынып оқушысы Темирбаев Радмирдің «Такие разные ручки», № 17 ЖОМ 9 сынып оқушысы Кенесова Эльдана «Туристско-экскурсионный маршрут по сакральным местам Баянаульского района», № 32 ЖОМ 4 сынып оқушысы Карпенко Матвей «Листочки, цветочки и даже корешочки, все это эконом аптека», № 43 ЖОМ 4 сынып оқушысы Реснянская Полина «Живое наследие Великой степи», № 14 ЖОМ 8 сынып оқушысы Ахметжанова Дильназ «Музей боевой  славы имени Панфилова»,  № 17 ЖОМ 6 сынып оқушысы Тадчетдинова Амина «Вторая жизнь листьев». № 39 ЖОМ 9 сынып оқушылары Барт Даниила, Гатилов Кирилл және Черкасов Данил, «Экскурсионные маршруты по Усольскому микрорайону и развитие туризма» жобасын ұсынды, мұндай зерттеу жұмыстары олардың кіші Отандарын тереңірек білуге көмектесетінін атап өтті. Мурга Ксения, № 6 ЖОМ 8 сынып оқушысы «История Павлодара в математических задачах» жұмысында, Ертіс өңірі мен математикалық ұғымдарды зерделеуде интеграцияланған тәсілді көрсетті.

13 желтоқсаннан бастап Павлодар қаласының  білім беру ұйымдарында «Тәуелсіздік шежіресі» ақпараттық сағаты, «Менің Отаным - Қазақстан» диалог алаңы, «Ұлы даланың жеті қыры» экскурсиялық жобалар байқауы, Қазақстанның мектеп президенттерінен және мектептің өзін-өзі басқаруынан Тәуелсіздік күнімен онлайн құттықтау, «Жас айтыскер», «Жас ақын» әдеби-шығармашылық кеш, «Жаңа көзқарас» дебат мектебі тәрбиеленушілерінің «Тәуелсіздік таңы» дебаттық турнирі, «Ожившая книга» - аймақтың дамуына үлес қосқан павлодарлық тұрғындардың кездесу ақпараттық-тәрбие жобасы, «Мақтан тұтамын, менім Қазақстаным!» дөңгелек үстелі өтеді.

Қала мектептерінде «Под независимым стягом Казахстана» сынып сағаттары, «Тәуелсіздік қадамдары»  ауызша журналы,  «Что для меня значит независимость?» дөңгелек үстелі. 7 - 9 сынып оқушылары «Бірлігіміз жарасқан!» патриоттық әндер челленджіне қатысады, 1 - 4 сыныптарда - тәуелсіздік күніне арналған суреттер мен плакаттар байқауы өтеді. 14 желтоқсан күні «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ББЖҰ қатарына тағайындылады.