ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Пән бойынша павлодарлық оқушылар өз білімдерін тексерді
14-12-2022 11:01
Пән бойынша павлодарлық оқушылар өз білімдерін тексерді

Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  2022 жылғы 12 желтоқсанда жаратылыстану-гуманитарлық бағыттағы -қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, мемлекеттік тілде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі, математика, жаратылыстану пәндері бойынша өткізілді. Олимпиаданың мақсаты - шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзін-өзі жүзеге асыруға жәрдемдесу, түрлі деңгейдегі олимпиадаларға қатысуға дайындық.

Олимпиадаға мектеп олимпиадасының жеңімпаздары № 2, 5, 6, 7, 11, 14, 17, 18, 21, 23, 24, 25, 26, 27, 29, 30, 31, 32, 33, 35, 36, 38, 39, 40, 41, 43, 46, Малайсары  батыр атындағы,  Қ. Макпалеев атындағы,  Ш. Шоқин атындағы, Қ. Бекхожин атындағы, М. Әлімбаев атындағы, А. Шамкенов атындағы, М. Жүсіп атындағы, Б. Момышұлы атындағы, Р. Нұртазин атындағы, С. Торайғыров атындағы, А. Байтұрсынұлы атындағы, Ж. Тәшенов атындағы, М. Әуезов атындағы, Жетекші және Кенжекөл жалпы білім беретін мектептерден  5 - 6 сыныптың  505 оқушылары  қатысты.

         Олимпиада қатысушылары тест тапсырмаларын орындады. Байқау қорытындысы бойынша 225 қатысушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын - 16, II орын - 77, III орын - 132 оқушы. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды.

        № 2, 7, 11, 14, 17, 21, 29, 39, Малайсары батыр, Ш. Шокин, М. Әлімбаев, М. Жүсіп  (2), Б. Момышұлы, А. Байтұрсынұлы,  Ж. Тәшенов атындағы мектептің бірінші орын алған оқушылары олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.